"Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 20 тамыздағы № 453 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24084 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тіркеу тізілімінде № 17003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны:

      1) Кодекстің 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда;

      2) көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа тұлғаның пайдалануындағы, оның ішінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік бөлуде айқындалған жер қойнауы учаскесі аумағының шегінде толық орналасқан блокқа не Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін оның келісімінсіз жүргізілген тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша қол қойылған, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасасу туралы қолданыстағы хаттамаға қатысты;

      3) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскесі аумағының шегінде толық орналасқан блокқа, оның ішінде барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік бөлуде айқындалған келісімшарттық аумаққа, сондай-ақ оған қатысты барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу туралы хаттама қолданылатын, Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін болған тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындылары бойынша;

      4) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған басқа лицензия бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлау учаскесінің аумағына толық немесе ішінара жататын блокқа, оның ішінде пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа геологиялық бөлуде айқындалған келісімшарттық аумаққа, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау жөніндегі келісімшартқа геологиялық бөлуде айқындалған аумаққа қатысты, оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін болған тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға келісімшарт жасасу туралы қолданыстағы хаттамаға қатысты;

      5) пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесі аумағының немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беруге өтініш берілген аумақтың шегінде толық орналасқан блокқа, оның ішінде пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшартқа тау-кендік бөлуде айқындалған келісімшарттық аумаққа, сондай-ақ пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі келісімшартқа тау-кендік бөлуде айқындалған аумаққа қатысты, оған қатысты Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін болған тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге келісімшарт жасасу туралы қолданыстағы хаттамаға қатысты;

      6) пайдалы қатты қазбаларды барлаудың немесе өндірудің салдарларын жою жүргізілетін аумақ шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;

      7) толығымен уран өндіру учаскесі аумағының шегінде орналасқан блокқа қатысты беруге жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия толық блоктардан басқа, сондай-ақ мынадай толық емес (ішінара) блоктарға қатысты беріледі:

      1) жақтары толығымен қамтылған блок:

      көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін басқа тұлғаның пайдалануындағы, оның ішінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік бөлумен айқындалған жер қойнауы учаскесінің аумағы не Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жүргізілген тікелей келіссөздердің нәтижелері бойынша немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша қол қойылған, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты жасасу туралы қолданыстағы хаттамамен;

      жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген, оның ішінде барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартқа тау-кендік бөлумен айқындалған жер қойнауы учаскесінің аумағы не тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс қорытындылары бойынша қол қойылған, Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану туралы Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін;

      пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің аумағы немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіруге лицензия беруге, оның ішінде пайдалы қатты қазбалар немесе кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшартқа тау-кендік бөлумен айқындалған өтініш берілген аумақ не Кодекстің қолданысқа енгізілуіне дейін болған тікелей келіссөздер нәтижелері бойынша не жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың қорытындылары бойынша қол қойылған пайдалы қатты қазбаларды немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты жасасу туралы қолданыстағы хаттамамен;

      пайдалы қатты қазбаларды барлаудың немесе өндірудің салдарларын жою жүргізілетін аумақ;

      уран өндіру учаскесінің аумағы;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген аумақтарда (аумақтарда) ішінара орналасқан блок, егер мұндай блоктың басқа толық емес (ішінара) немесе толық блокпен ең болмағанда бір ортақ жағы болса және мұндай жалпы тарап көрсетілген аумақтарда орналаспаса;

      3) Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көрсетілген аумақтарға ішінара жататын блок.

      Көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін ішінара жер қойнауы учаскесінің аумағына келетін блокты барлауға арналған лицензияға қосуға осы учаскелер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

      Толық емес (ішінара) блоктарға қатысты лицензия берілген жағдайда барлау учаскесінің аумағы, оның ішінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген аумақтардың шекаралары бойынша осындай толық емес (ішінара) блоктардан құрылған болып есептеледі. Барлауға арналған лицензияға енгізілген толық емес (ішінара) блокты қалыптастыру үшін негіз болған мән-жайлар тоқтатылған кезде осы блок барлау учаскесі аумағының шекараларын айқындау мақсатында толық деп танылады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген ереже Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көрсетілген аумақтарға ішінара жататын және барлау учаскесінің аумағына енгізілген блоктарға қолданылмайды. Осындай блоктар шегінде осы блоктар Кодекстің 25-бабының 1-тармағында көзделген аумақтар мен объектілерді қозғайтын бөлігінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салу қолданылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өтініште мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

      заңды тұлғалар үшін – өтініш иесінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесінің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), басшылар туралы, өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;

      2) Кодекстің 19-бабының 2-тармағына сәйкес барлау аумағын құрайтын (құраушы) және өтініш беруші пайдалануға беруді сұрайтын жер қойнауы учаскесін айқындайтын (айқындайтын) блокты (блоктарды) көрсету.

      Өтініште көрсетілген барлау аумағы, егер осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларда блоктың бір бөлігін қамтыса, лицензияның шарттарын айқындау мақсаттары үшін өтінішті қарау кезінде аталған блок толық болып есептеледі.

      Мәлімделген аумақтың Кодекстің 19-бабының 2-тармағында көзделген барлау аумағын қалыптастыру туралы талаптарға сәйкес келмеуі осы Қағидалардың 25-тармағының 1) тармақшасына сәйкес лицензия беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өтініш иесінің барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті қаржылық мүмкіндігінің болуын растау үшін мынадай құжаттардың бірі:

      1) өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы үш ай шегіндегі отыз күндік мерзім ішінде сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға қажетті ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті мөлшерде ақшасының тұрақты болатынын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі банктік шоты бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме.

      Егер қаражат қозғалысы бойынша операциялар нәтижесінде мәлімделген отыз күндік кезеңнің қандай да бір күнінде ақша қаражатының қалдығы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында талап етілгеннен аз болса, онда мұндай үзінді-көшірме өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат болып танылмайды. Өтініш берушіде қаржылық мүмкіндіктерді растау мақсаттары үшін бір Екінші деңгейдегі банкте бірнеше шоттар болған кезде жиынтығында үзінді-көшірмелер ұсынылған бірнеше шоттар бойынша ақша қаражатының қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер де ескерілуі мүмкін;

      2) ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты) немесе қарыздың нысаналы мақсаты ретінде өтініш иесінің пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі қызметін қаржыландыру, сондай-ақ сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға талап етілетін ең төмен шығыстарды өтеу үшін жеткілікті қарыз сомасы (қаржыландыру) расталатын, қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен бірге, өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айға немесе алдыңғы күнтізбелік жылға дайындалған қаржылық есептілігі, онда өтініш берушінің таза активтерінің мөлшері оның сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға арналған ең төмен шығыстардың шамасындағы міндеттемесінен асып түседі;

      4) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын қор биржасы таныған рейтингтік агенттіктің өтініш иесіне өтініш берілген күннің алдындағы жыл ішінде құзыретті орган айқындайтын ең төменгі рейтингтік бағадан төмен болмайтын рейтингтік баға беру туралы хаты ұсынылады.

      Егер өтініш иесінің қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат ретінде қаржы ұйымы болып табылмайтын тұлға (қаржыландыратын) қарыз беруші болатын ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шарты) немесе қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмесі ұсынылса, өтінішке қосымша осы тұлғада осы тармақтың 1), 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген қаржылай мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттардың бірі қоса беріледі.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Құзыретті орган өтінішті келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия беруден бас тартуға осы Қағидалардың 25-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер болмаған кезде, сондай-ақ осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарының ережелерін ескере отырып, өтініш берушіге Кодекстің 198-бабында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Хабарлама өтініш берушіге жіберілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      Өтініш беруші пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді хабарлама жіберілген күннен бастап қырық жұмыс күнінен кешіктірмей құзыретті органға ұсынылады.

      Құзыретті орган өтініш берушіге пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды тиісінше қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия береді не хабарлама құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап отыз бес жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.

      18. Егер өтініште көрсетілген аумаққа осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген блок немесе мәлімделген аумақтың басқа блогымен ортақ жағы жоқ блок жатқызылса, мұндай блок лицензияға енгізілмейді, бұл туралы құзыретті орган өтініш берушіні хабардар етеді. Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өзіне берілуге жататын барлық блоктан немесе олардың бір бөлігінен бас тартады. Егер көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтініш беруші барлық блоктардан бас тартпаса немесе блоктардың бір бөлігінен бас тартса, өтініш осы тармақтың ережелері ескеріліп мәні бойынша қаралады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жіберілетін хабарламада мәлімделген аумақтың Кодекс талаптарына анықталған сәйкессіздіктері туралы көрсетіледі.

      Егер өтініште көрсетілген қандай да бір толық емес (ішінара) блок немесе толық емес (ішінара) блоктар осы Қағидалардың 5-1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шарттарға сай келмесе, аталған блок (блоктар) сондай-ақ Кодекстің 188-бабының бірінші бөлігінің қағидалары бойынша лицензияға енгізіледі (енгізіледі).";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Егер лицензия беруге өтініште көрсетілген блок толық болмаса, мұндай толық емес блок, Кодекстің 27-тарауының ережелеріне қайшы келмейтін жағдайда берілетін лицензияға енгізілуге жатады.

      Егер пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияда толық емес (ішінара) блок қамтылса, блоктар санын есептеу мақсаттары үшін осы блок толық болып қаралады.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Осы өтінішті қарау кезінде пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған басқа лицензияға енгізілген блоктарды ғана қамтитын пайдалы қатты қазбаларды барлауға лицензия беруге арналған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

      25. Құзыретті орган мынадай негіздемелердің бірі болған кезде:

      1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар Кодекспен көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) осы Қағидаларда талап етілетін құжаттар өтінішке қоса берілмесе;

      3) өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде өтініш иесінің немесе өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлғаның барлауға арналған лицензиясын немесе сұралатын жер қойнауы учаскесін толық немесе ішінара қамтитын пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиясын кері қайтарып алса;

      4) сұралатын аумақ осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген аумаққа және (немесе) блоктарға толық жататын болса;

      5) өтініш берілгенге дейін күнтізбелік бір жыл ішінде өтініш иесі немесе өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға сұралатын жер қойнауы учаскесінен немесе оның бір бөлігінен бас тартса;

      6) лицензияны беру елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруге немесе жер қойнауын пайдалану құқықтарының шоғырлануына алып келетін болса;

      7) сұралатын жер қойнауы учаскесінің аумағы көлемі бойынша шектеуден асып кетсе немесе осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      8) өтініш берілген күн алдындағы бес жыл ішінде өтініш иесі немесе өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын немесе оның бақылауындағы тұлға өздерінің пайдалануында болған жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерін орындамаса немесе тиісінше орындамаса лицензия беруден бас тартады;

      9) өтініш берушінің Кодекстің талаптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз ету мерзімін сақтамауы.

      Өтініште көрсетілген мәліметтерде (блок (блоктар) туралы мәліметтерден басқа) мәні бойынша лицензия беру туралы шешім қабылдауға әсер етпейтін және өтінішке қоса берілетін құжаттармен салыстырып тексеру арқылы анықталады, сондай-ақ тексеріледі грамматикалық немесе арифметикалық қателердің, қате жазулардың болуы лицензия беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Экология, геология

      және табиғи ресурстар министрлігі

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 мая 2018 года № 365 "Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на разведку твердых полезных ископаемых"

Приказ и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 августа 2021 года № 453. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 августа 2021 года № 24084

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения настоящего приказа см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 мая 2018 года № 365 "Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на разведку твердых полезных ископаемых" (зарегистрирован в Реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 17003) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на разведку твердых полезных ископаемых, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Выдача лицензии на разведку твердых полезных ископаемых не допускается:

      1) в случаях, предусмотренных пунктом 2 статьи 25 Кодекса;

      2) в отношении блока, полностью расположенного в пределах территории участка недр, находящегося в пользовании у другого лица для проведения операций по добыче углеводородов, в том числе определенной горным отводом к контракту на недропользование по углеводородам либо действующим протоколом о заключении контракта на добычу углеводородов, подписанным по результатам прямых переговоров или по итогам конкурса на предоставление права недропользования, состоявшихся до введения в действие Кодекса, без его согласия;

      3) в отношении блока, полностью расположенного в пределах территории участка недр, предоставленного для проведения операций по использованию пространства недр, в том числе контрактной территории, определенной горным отводом к контракту на строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей, а также территории, в отношении которой действует протокол о заключении контракта на строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей, по результатам прямых переговоров либо по итогам конкурса на предоставление права недропользования, состоявшихся до введения в действие Кодекса;

      4) в отношении блока, полностью или частично относящегося к территории участка разведки твердых полезных ископаемых по другой лицензии на разведку твердых полезных ископаемых, в том числе контрактной территории, определенной геологическим отводом к контракту на недропользование по твердым полезным ископаемым или общераспространенным полезным ископаемым, а также территории, в отношении которой действует протокол о заключении контракта на разведку твердых полезных ископаемых или общераспространенных полезных ископаемых по результатам прямых переговоров либо по итогам конкурса на предоставление права недропользования, состоявшихся до введения в действие Кодекса;

      5) в отношении блока, полностью расположенного в пределах территории участка добычи твердых полезных ископаемых или территории, на которую имеется заявление на выдачу лицензии на добычу твердых полезных ископаемых, в том числе контрактной территории, определенной горным отводом к контракту по твердым полезным ископаемым или общераспространенным полезным ископаемым, а также территории, в отношении которой действует протокол о заключении контракта на добычу твердых полезных ископаемых или общераспространенных полезных ископаемых по результатам прямых переговоров либо по итогам конкурса на предоставление права недропользования, состоявшихся до введения в действие Кодекса;

      6) в отношении блока, полностью расположенного в пределах территории, на которой проводится ликвидация последствий разведки или добычи твердых полезных ископаемых;

      7) в отношении блока, полностью расположенного в пределах территории участка добычи урана.";

      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. Лицензия на разведку твердых полезных ископаемых, помимо полных блоков, также выдается в отношении следующих неполных (частичных) блоков:

      1) блока, стороны которого полностью охватывают:

      территорию участка недр, находящегося в пользовании у другого лица для проведения операций по добыче углеводородов, в том числе определенную горным отводом к контракту на недропользование по углеводородам либо действующим протоколом о заключении контракта на добычу углеводородов, подписанным по результатам прямых переговоров или по итогам конкурса на предоставление права недропользования, состоявшихся до введения в действие Кодекса;

      территорию участка недр, предоставленного для проведения операций по использованию пространства недр, в том числе определенную горным отводом к контракту на строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей, либо действующим протоколом о заключении контракта на строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей, подписанным по результатам прямых переговоров или по итогам конкурса на предоставление права недропользования, состоявшихся до введения в действие Кодекса;

      территорию участка добычи твердых полезных ископаемых или территории, на которую имеется заявление на выдачу лицензии на добычу твердых полезных ископаемых, в том числе определенную горным отводом к контракту по твердым полезным ископаемым или общераспространенным полезным ископаемым, либо действующим протоколом о заключении контракта на добычу твердых полезных ископаемых или общераспространенных полезных ископаемых, подписанным по результатам прямых переговоров либо по итогам конкурса на предоставление права недропользования, состоявшихся до введения в действие Кодекса;

      территорию, на которой проводится ликвидация последствий разведки или добычи твердых полезных ископаемых;

      территорию участка добычи урана;

      2) блока, который частично расположен на территориях (территории), указанных (указанной) в подпункте 1) настоящего пункта, при условии, что такой блок имеет хотя бы одну общую сторону с другим неполным (частичным) или полным блоком и такая общая сторона не расположена на указанных территориях;

      3) блока, который частично относится к территориям, указанным в пункте 1 статьи 25 Кодекса.

      Включение в лицензию на разведку блока, частично приходящегося на территорию участка недр для проведения операций по добыче углеводородов или твердых полезных ископаемых, допускается только с письменного согласия недропользователей по данным участкам.

      В случае выдачи лицензии в отношении неполных (частичных) блоков территория участка разведки считается сформированной, в том числе из таких неполных (частичных) блоков по границам территорий, указанных в подпунктах 1), 2) и 3) части первой настоящего пункта. При прекращении обстоятельств, послуживших основанием для формирования неполного (частичного) блока, включенного в лицензию на разведку, данный блок признается полным в целях определения границ территории участка разведки.

      Правило, предусмотренное в части третьей настоящего пункта, не применяется к блокам, частично относящимся к территориям, указанным в пункте 1 статьи 25 Кодекса, и включенным в территорию участка разведки. В пределах таких блоков применяется запрет на проведение операций по недропользованию в той части, в которой данные блоки затрагивают территории и объекты, предусмотренные пунктом 1 статьи 25 Кодекса.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Заявление содержит следующие сведения:

      1) для физических лиц – фамилию, имя и отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) заявителя, место жительства, гражданство, сведения о документах, удостоверяющих личность заявителя;

      для юридических лиц – наименование заявителя, его место нахождения, сведения о государственной регистрации в качестве юридического лица (выписка из торгового реестра или другой легализованный документ, удостоверяющий, что заявитель является юридическим лицом по законодательству иностранного государства), сведения о руководителях, юридических и физических лицах, государствах и международных организациях, прямо или косвенно контролирующих заявителя;

      2) указание на блок (блоки), составляющий (составляющие) территорию разведки в соответствии с пунктом 2 статьи 19 Кодекса и определяющий (определяющие) участок недр, который заявитель просит предоставить в пользование.

      Если указываемая в заявлении территория разведки включает в себя часть блока в случаях, предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил, для целей определения условий лицензии при рассмотрении заявления указанный блок считается полным.

      Несоответствие заявленной территории требованиям о формировании территории разведки, предусмотренным пунктом 2 статьи 19 Кодекса, является основанием для отказа в выдаче лицензии в соответствии с подпунктом 1) пункта 25 настоящих Правил.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Для подтверждения наличия у заявителя финансовых возможностей, достаточных для проведения операций по разведке, представляется один из следующих документов:

      1) выписка об остатке и движении денег по банковскому счету в банке второго уровня Республики Казахстан, подтверждающая постоянное в течение тридцатидневного срока наличие (остаток) у заявителя денег в пределах трех месяцев, предшествующих дате подачи заявления на выдачу лицензии, в количестве, достаточном для покрытия требуемых минимальных расходов на разведку в первый год действия запрашиваемой лицензии.

      Если в какой-либо из дней заявленного тридцатидневного периода в результате операций по движению средств остаток денежных средств окажется меньше требуемых подпунктом 1) части первой настоящего пункта, то такая выписка не признается документом, подтверждающим наличие у заявителя финансовых возможностей. При наличии у заявителя нескольких счетов в банке второго уровня для целей подтверждения финансовых возможностей могут в совокупности учитываться также сведения об остатке и движении денежных средства по нескольким счетам, по которым представлены выписки;

      2) копия договора займа денег (предварительный договор займа) или договора о финансировании деятельности, предусматривающего в качестве целевого назначения займа финансирование деятельности заявителя по разведке твердых полезных ископаемых, а также подтверждающего сумму займа (финансирования) достаточной для покрытия требуемых минимальных расходов на разведку в первый год действия запрашиваемой лицензии;

      3) финансовая отчетность заявителя с аудиторским отчетом, составленным в соответствии с законодательством Республики Казахстан об аудиторской деятельности, подготовленная за шесть последовательных календарных месяцев или предыдущий календарный год, предшествующих дате подачи заявления на выдачу лицензии, в которой размер чистых активов заявителя превышает его обязательства на величину минимальных расходов на разведку в первый год действия запрашиваемой лицензии;

      4) письмо рейтингового агентства, признаваемого фондовой биржей, осуществляющей деятельность в Республике Казахстан, о присвоении заявителю в течение года, предшествующего дате подачи заявления, рейтинговой оценки не ниже минимальной рейтинговой оценки, определяемой компетентным органом.

      Если в качестве документа, подтверждающего наличие у заявителя финансовых возможностей, представлена копия договора займа денег (предварительного договора займа) или договора о финансировании деятельности, займодателем по которому выступает (финансирует) лицо, не являющееся финансовой организацией, к заявлению дополнительно прилагается один из документов, подтверждающих наличие у данного лица финансовых возможностей, предусмотренных подпунктами 1), 3) или 4) настоящего пункта.";

      пункты 17 и 18 изложить в следующей редакции:

      "17. Компетентный орган рассматривает заявление в течение десяти рабочих дней со дня его поступления и, при отсутствии оснований для отказа в выдаче лицензии на разведку твердых полезных ископаемых, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) и 8) пункта 25 настоящих Правил, а также с учетом положений пунктов 18 и 19 настоящих Правил направляет заявителю уведомление о необходимости предоставления обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий операций по разведке твердых полезных ископаемых, предусмотренного статьей 198 Кодекса.

      Уведомление размещается на интернет-ресурсе компетентного органа в течение пяти рабочих дней со дня его направления заявителю.

      Обеспечение исполнения обязательств по ликвидации последствий операций по разведке твердых полезных ископаемых предоставляется заявителем в компетентный орган не позднее сорока рабочих дней со дня направления уведомления.

      Компетентный орган выдает заявителю лицензию на разведку твердых полезных ископаемых не позднее пяти рабочих дней со дня представления надлежащего обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий операций по разведке твердых полезных ископаемых либо отказывает в ее выдаче по истечении тридцати пяти рабочих дней со дня размещения уведомления на интернет-ресурсе компетентного органа.

      18. Если к территории, указанной в заявлении, относится блок, предусмотренный подпунктами 1), 2), 3), 4), 5), 6) и 7) пункта 5 настоящих Правил, или блок, не имеющий общую сторону с другим блоком заявленной территории, такой блок не включается в лицензию, о чем компетентный орган уведомляет заявителя. В течение пяти рабочих дней со дня получения уведомления заявитель отказывается от всех или части подлежащих предоставлению ему блоков. Если по истечении указанного срока заявитель не отказался от всех блоков или отказался от части блоков, заявление рассматривается по существу с учетом положений настоящего пункта.

      В уведомлении, направляемом в соответствии с частью первой настоящего пункта, указывается о выявленных несоответствиях заявленной территории требованиям Кодекса.

      Если какой-либо неполный (частичный) блок или неполные (частичные) блоки, указанные в заявлении, не отвечают условиям, предусмотренным в подпунктах 1), 2) и 3) пункта 5-1 настоящих Правил, данный блок (блоки) также не включается (включаются) в лицензию по правилам части первой статьи 188 Кодекса.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Если блок, указанный в заявлении на выдачу лицензии, является неполным, такой неполный блок подлежит включению в выдаваемую лицензию при условии, что это не противоречит положениям главы 27 Кодекса.

      Если выданная лицензия на разведку твердых полезных ископаемых включает неполный (частичный) блок, для целей исчисления количества блоков данный блок рассматривается полным.";

      пункты 24 и 25 изложить в следующей редакции:

      "24. По заявлению на выдачу лицензии на разведку твердых полезных ископаемых, включающему только блоки, которые к моменту рассмотрения данного заявления уже включены в другую лицензию на разведку твердых полезных ископаемых, принимается решение об отказе в выдаче лицензии.

      25. Компетентный орган отказывает в выдаче лицензии при наличии одного из следующих оснований:

      1) заявление или прилагаемые к нему документы не соответствуют требованиям, предусмотренным Кодексом;

      2) к заявлению не приложены документы, требуемые настоящими Правилами;

      3) в течение одного года до подачи заявления у заявителя или лица, прямо или косвенно контролирующего заявителя или находящегося под его контролем, была отозвана лицензия на разведку или лицензия на добычу твердых полезных ископаемых, включающая полностью или частично запрашиваемый участок недр;

      4) запрашиваемая территория полностью относится к территории и (или) блокам, указанным в пункте 5 настоящих Правил;

      5) в течение одного календарного года до подачи заявления заявитель или лицо, прямо или косвенно контролирующее заявителя или находящееся под его контролем, отказались от запрашиваемого участка недр или его части;

      6) выдача лицензии повлечет угрозу национальной безопасности страны или концентрацию прав недропользования;

      7) территория запрашиваемого участка недр превышает ограничение по размеру или не соответствует требованиям, установленным настоящими Правилами;

      8) в течение пяти лет, предшествующих дате подачи заявления, заявитель или лицо, прямо или косвенно контролирующее заявителя или находящееся под его контролем, не исполнили или ненадлежащим образом исполнили обязательства по ликвидации последствий операций по недропользованию на участках недр, находившихся у них в пользовании;

      9) несоблюдение заявителем срока представления компетентному органу надлежащего обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий операций по разведке твердых полезных ископаемых в соответствии с требованиями Кодекса.

      Наличие грамматических или арифметических ошибок, опечаток в сведениях, указанных в заявлении (кроме сведений о блоке (блоках)), которые не влияют на принятие решения о выдаче лицензии по существу и выявляются, а также проверяются путем сверки с прилагаемыми к заявлению документами, не является основанием для отказа в выдаче лицензии.".

      2. Департаменту недропользования Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзаца пятого пункта 1 настоящего приказа, который вводится в действие с 1 января 2023 года.

      исполняющий обязанности
Министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан К. Ускенбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан