Дайыр ауылдық округіне қарасты "Жәнібек-БР" және "Сенімжер" шаруа қожалықтарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімнің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 25 қаңтарда № 8360 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімнің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімнің 18.06.2021 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 19 қаңтардағы №80 ұсынысы негізінде Дайыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Дайыр ауылдық округіне қарасты "Жәнібек-БР" және "Сенімжер" шаруа қожалықтарының мүйізді ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Дайыр ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Дайыр ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
Н. Исанов

Об установлении ограничительных мероприятии в крестьянских хозяйствах "Жәнібек-БР" и "Сенімжер" Дайырского сельского округа

Решение акима Дайырского сельского округа Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 22 января 2021 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 25 января 2021 года № 8360. Утратило силу - решением акима Дайырского сельского округа Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 18 июня 2021 года № 8

      Сноска. . Утратило силу - решением акима Дайырского сельского округа Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 18.06.2021 № 8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.     
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Зайсанского района от 19 января 2021 года №80, аким Дайырского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия на крестьянских хозяйствах "Жәнібек-БР" и "Сенімжер" Дайырского сельского округа в связи с возникновением бруцеллеза крупного рогатого скота.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Дайырского сельского округа" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Зайсанского района;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Зайсанского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за выполнением данного решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
акима Дайырского сельского округа
Н. Исанов