Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 514 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27331 болып тіркелді

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 "Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2022 жылғы 24 наурыздағы № 514
қаулысымен бекітілген

Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Осы Қызылорда облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4-4- бабы 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;

      Bn – газетте орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір шаршы сантиметрінің базалық бағасы;

      V – газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін – 1,3;

      100 000 данаға дейін – 1,15;

      50 000 данаға дейін – 1;

      30 000 данаға дейін – 0,9;

      20 000 данаға дейін – 0,8;

      10 000 данаға дейін – 0,65;

      5 000 данаға дейін – 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;

      Bm – журналда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір шаршы сантиметрінің базалық бағасы;

      V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі;

      Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін – 1,2;

      10 000 данаға дейін – 1,1;

      8 000 данаға дейін – 1;

      5 000 данаға дейін – 0,9;

      3 000 данаға дейін – 0,8;

      1 000 данаға дейін – 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы;

      V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.

      5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V – телевизияда орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.

      Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиядағы көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Br – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы;

      V – радиоарнада орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Қызылорда облысы бойынша
бұқаралық ақпарат құралдарында
мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргізу үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің құнын
айқындау Әдістемесіне қосымша

Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша базалық бағалар

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Облыс, қала және аудандар атауы

2022 және алдағы жылдар (теңге)

1.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

Қызылорда облысы

700

2.

Қызылорда облысының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

Қызылорда облысы

150

3.

Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысы аудандарының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

Қызылорда қаласы және Қызылорда облысының аудандары

120

4.

Қызылорда облысының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

Қызылорда облысы

280

5.

Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарында көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi)

символ

Қызылорда облысы

110

6.

Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарында көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi)

символ

Қызылорда облысы

3,25

7.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (сюжет, ток-шоу, ойын-сауық шоуды өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

Қызылорда облысы

300 000

8.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (жаңалықтар сюжеттерін өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

Қызылорда облысы

666 667

9.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

Қызылорда облысы

400 000

10.

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Қызылорда облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (ток-шоу, ойын-сауықшоу, жаңалықтар сюжеттері, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

Қызылорда облысы

16 800

11.

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысы аудандарының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (ток-шоу, ойын-сауық шоу, жаңалықтар сюжеттері, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

Қызылорда қаласы және Қызылорда облысының аудандары

78 400

12.

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Қызылорда облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызмет (бейнероликтер өндіру және орналастыру) (Btv)

секунд

Қызылорда облысы

500

13.

Жаңалық сипатындағы телебағдарламаны сурдоаудармамен қамтамасыз ету (Btv)

минут

Қызылорда облысы

4 258,5

14.

Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын радиода көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Br)

минут

Қызылорда облысы

17 000

15.

Қызылорда облысы аумағында таратылатын радиода көрсетілетін қызмет (аудиороликтерді өндіру және орналастыру) (Br)

секунд

Қызылорда облысы

580


Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Кызылординской области

Постановление акимата Кызылординской области от 24 марта 2022 года № 514. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 марта 2022 года № 27331

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 4-4 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации", приказом исполняющего обязанности Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 19 мая 2021 года № 173 "Об утверждении типовой методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 22807) акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую методику определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Кызылординской области.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление внутренней политики Кызылординской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Кызылординской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Кызылординской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Кызылординской области Г. Абдыкаликова

  Утверждена постановлением
акимата Кызылординской области
от 24 марта 2022 года № 514

Методика определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Кызылординской области

      1. Настоящая Методика определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Кызылординской области (далее - Методика), разработана в соответствии с подпунктом 4-1) статьи 4-4 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации" и устанавливает алгоритм определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне.

      2. Стоимость услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне (далее – услуга), определяется в зависимости от базовых цен на услуги, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации за счет средств местного бюджета для каждого отдельного вида услуги средств массовой информации согласно приложению к настоящей Методике.

      3. Стоимость услуги в периодических печатных изданиях определяется по формуле:

      1) для газет по формуле Pn=Bn x V x Kq, где:

      Pn (price) – стоимость услуги в газетах с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bn – базовая цена за один квадратный сантиметр услуги, размещаемой в газете;

      V – объем услуги, размещаемой в газете, исчисляемой в квадратных сантиметрах;

      Kq – поправочный коэффициент на тираж газеты:

      до 200 000 экземпляров – 1,3;

      до 100 000 экземпляров – 1,15;

      до 50 000 экземпляров – 1;

      до 30 000 экземпляров – 0,9;

      до 20 000 экземпляров – 0,8;

      до 10 000 экземпляров – 0,65;

      до 5 000 экземпляров – 0,5;

      2) для журналов по формуле Pm=Bm x V x Kq, где:

      Pm (price) – стоимость услуги в журналах с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bm – базовая цена за один квадратный сантиметр услуги, размещаемой в журнале;

      V – объем услуги, размещаемой в журнале, исчисляемой в квадратных сантиметрах;

      Kq – поправочный коэффициент на тираж журнала:

      до 15 000 экземпляров – 1,2;

      до 10 000 экземпляров – 1,1;

      до 8 000 экземпляров – 1;

      до 5 000 экземпляров – 0,9;

      до 3 000 экземпляров – 0,8;

      до 1 000 экземпляров – 0,7.

      4. Стоимость услуги в интернет-ресурсе определяется по формуле Pi=Bi x V x Kq, где:

      Pi (price) – стоимость услуги в интернет-ресурсе с учетом налога на добавленную стоимость;

      Bi – базовая цена за один символ, секунду, минуту, штуку услуги, размещаемой в интернет-ресурсе;

      V – объем услуги, размещаемой в интернет-ресурсе, исчисляемой в символах, секундах, минутах, штуках;

      Kq – поправочный коэффициент для учета среднемесячного количества посещений интернет-ресурса уникальными пользователями:

      до 500 000 посетителей в месяц – 1;

      до 1 000 000 посетителей в месяц – 1,1;

      до 2 000 000 посетителей в месяц – 1,2;

      до 5 000 000 посетителей в месяц – 1,3;

      свыше 5 000 000 посетителей в месяц – 1,4.

      5. Стоимость услуги на телевидении определяется по формуле Ptv=Btv x V, где:

      Ptv (price) – стоимость услуги на телевидении с учетом налога на добавленную стоимость;

      Btv – базовая цена за одну секунду, минуту, серию услуги, размещаемой на телевидении;

      V – объем услуги, размещаемой на телевидении, исчисляемой в секундах, минутах, сериях.

      В случае если при формировании государственного информационного заказа не учитываются разделения по жанрам услуг на телевидении, то стоимость услуг на телевидении рассчитывается по базовой цене (Btv).

      6. Стоимость услуги на радиоканале определяется по формуле Pr=Br x V, где:

      Pr (price) – стоимость услуги на радиоканале с учетом налога на добавленную стоимость;

      Br – базовая цена за одну секунду, минуту услуги, размещаемой на радиоканале;

      V – объем услуги, размещаемой на радиоканале, исчисляемый в секундах, минутах.

  Приложение к Методике
определения стоимости услуг,
закупаемых для проведения
государственной информационной
политики в средствах массовой информации
по Кызылординской области

Базовые цены по размещению государственного заказа по проведению государственной информационной политики в средствах массовой информации на региональном уровне

Наименование услуги

Единица измерения

Наименование области, города и районов

2022 и последующие годы (тенге)

1.

Услуга (изготовление и размещение информационного материала) в печатных изданиях (газета), распространяемых на территории Республики Казахстан (Bn)

квадратный сантиметр

Кызылординская область

700

2.

Услуга (изготовление и размещение информационного материала) в печатных изданиях (газета), распространяемых на территории Кызылординской области (Bn)

квадратный сантиметр

Кызылординская область

150

3.

Услуга (изготовление и размещение информационного материала) в печатных изданиях (газета), распространяемых на территории города Кызылорда и районов Кызылординской области (Bn)

квадратный сантиметр

город Кызылорда и районы Кызылординской области

120

4.

Услуга (изготовление и размещение информационного материала) в печатных изданиях (журнал), распространяемых на территории Кызылординской области (Bm)

квадратный сантиметр

Кызылординская область

280

5.

Услуга (изготовление и размещение информационного материала) в интернет-ресурсе, освещающие вопросы республиканского значения (Bi)

символ

Кызылординская область

110

6.

Услуга (изготовление и размещение информационного материала) в интернет-ресурсе, освещающие вопросы регионального значения (Bi)

символ

Кызылординская область

3,25

7.

Услуга (производство и размещение сюжета, ток-шоу, развлекательное шоу) на телеканалах, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов, распространяемых на территории Республики Казахстан (Btv)

минута

Кызылординская область

300 000

8.

Услуга (производство и размещение новостных сюжетов) на телеканалах, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов, распространяемых на территории Республики Казахстан (Btv)

минута

Кызылординская область

666 667

9.

Услуга (производство и размещение телевизионных программ) на телеканалах, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов, распространяемых на территории Республики Казахстан (Btv)

минута

Кызылординская область

400 000

10.

Услуга (производство и размещение ток-шоу, развлекательное шоу, новостных сюжетов, телевизионных программ) на телеканалах, входящих в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории Кызылординской области, за исключением телеканалов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

минута

Кызылординская область

16 800

11.

Услуга (производство и размещение ток-шоу, развлекательное шоу, новостных сюжетов, телевизионных программ) на телеканалах, входящих в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории города Кызылорда и районов Кызылординской области,за исключением телеканалов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

минута

город Кызылорда и районы Кызылординской области

78 400

12.

Услуга (производство и размещение видеороликов) на телеканалах, входящих в перечень теле-, радиоканалов свободного доступа, распространяемых национальным оператором телерадиовещания на территории Кызылординской области, за исключением телеканалов, входящих в перечень обязательных теле-, радиоканалов (Btv)

секунда

Кызылординская область

500

13.

Обеспечение сурдопереводом телепрограммы новостного характера (Btv)

минута

Кызылординская область

4 258,5

14.

Услуга (производство и размещение информационных программ) на радио, распространяемых на территории Республики Казахстан (Br)

минута

Кызылординская область

17 000

15.

Услуга (производство и размещение аудиороликов) на радио, распространяемых на территории Кызылординской области (Br)

секунда

Кызылординская область

580