О признании утратившим силу совместного приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 марта 2005 года № 117 и Министра обороны Республики Казахстан от 4 марта 2005 года № 100

Совместный приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 декабря 2009 года № 875 и Министра обороны Республики Казахстан от 28 декабря 2009 года № 497

      В связи с принятием Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Признать утратившим силу совместный приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 марта 2005 года № 117 и Министра обороны Республики Казахстан от 4 марта 2005 года № 100 "Об утверждении Правил военно-врачебной экспертизы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан".
      2. Начальнику Главного военно-медицинского управления Вооруженных Сил Республики Казахстан в недельный срок направить копию настоящего приказа в органы юстиции и республиканскую ежедневную газету "Юридическая газета".
      3. Настоящий приказ вводится в действие с момента официального опубликования.
      4. Приказ довести до лиц в части, их касающихся.

      Министр здравоохранения              Министр обороны
      Республики Казахстан                 Республики Казахстан
      ___________ Ж. Доскалиев             ___________ А. Джаксыбеков

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 875 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 497 бірлескен бұйрығы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қабылдауға байланысты БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 117 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін әділет органдарына және «Заң газеті» республикалық күнделікті газетіне жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Бұйрық адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      Қазақстан Республикасы                 Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі              Қорғаныс министрі
      ____________ Ж. Досқалиев              _________ Ә. Жақсыбеков