О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Есильского района

Постановление акимата Есильского района Акмолинской области от 22 февраля 2016 года № а-2/76

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан, акимат Есильского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившими силу некоторых постановлений акимата Есильского района, согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Копию настоящего постановления направить в Департамент юстиции Акмолинской области.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления акимата Есильского района возложить на руководителя аппарата акима Есильского района Есжанова Д.Б.
      4. Настоящее постановление акимата Есильского района вступает в силу и вводится в действие со дня подписания.
      Аким Есильского района А.Калжанов

  Приложение
к постановлению акимата
Есильского района
от 22 февраля 2016 года
№ а-2/76

Перечень утративших силу некоторых постановлений акимата Есильского района

      1. Постановление акимата Есильского района от 3 марта 2010 года № а-3/62 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-11-115, опубликовано в газете "Жаңа Есіл" 23 апреля 2010 года);
      2. Постановление акимата Есильского района от 28 июня 2010 года № а-6/208 "О внесении дополнения в постановление акимата Есильского района от 3 марта 2010 года № а-3/62 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-11-122, опубликовано в газете "Жаңа Есіл" 27 августа 2010 года).

Есіл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № а-2/76 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Зандарына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес, Есіл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының көшірмесі Ақмола облысының Әділет департаментіне жіберілсін.
      3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Б.Есжановқа жүктелсін.
      4. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Есіл ауданының әкімі А.Қалжанов

  Есіл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 22 ақпандағы
№ а-2/76 қаулысына
қосымша

Есіл ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Есіл ауданы әкімдігінің "Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № а-3/62 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 1-11-115 болып тіркелген, "Жаңа Есіл" газетінде 2010 жылғы 23 сәуірде жарияланған);
      2. "2010 жылғы 3 наурыздағы № а-3/62 "Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Есіл ауданы әкімдігінің қаулысына толықтыру енгізу туралы" Есіл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № а-6/208 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 6 тамыздағы № 1-11-122 болып тіркелген, "Жаңа Есіл" газетінде 2010 жылғы 27 тамызда жарияланған).