Об утверждении Правил осуществления исполнительного производства по взысканию с государства сумм капитализации соответствующих повременных платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью работников, в случае отсутствия или недостаточности имущества у ликвидируемого юридического лица, признанного в установленном порядке ответственным за данный вред

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2008 года № 678. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 180

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.04.2015 № 180.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 июня 1998 года "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления исполнительного производства по взысканию с государства сумм капитализации соответствующих повременных платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью работников, в случае отсутствия или недостаточности имущества у ликвидируемого юридического лица, признанного в установленном порядке ответственным за данный вред.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 10 июля 2008 года N 678

ПРАВИЛА
осуществления исполнительного производства по взысканию с
государства сумм капитализации соответствующих повременных
платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью
работников, в случае отсутствия или недостаточности имущества у
ликвидируемого юридического лица, признанного в установленном
порядке ответственным за данный вред

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления исполнительного производства по взысканию с государства сумм капитализации соответствующих повременных платежей по возмещению вреда, причиненного жизни и здоровью работников, в случае отсутствия или недостаточности имущества у ликвидируемого юридического лица, признанного в установленном порядке ответственным за данный вред (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2-1 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 30 июня 1998 года "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей" (далее - Закон об исполнительном производстве) и устанавливают единый порядок исполнения решений судов в рамках республиканской бюджетной программы в целях обеспечения своевременного исполнения судебных решений.

2. Порядок исполнения решений судов
в рамках бюджетной программы

      2. Принятый к исполнению государственным органом - администратором бюджетной программы (далее - государственный орган) исполнительный документ, по которому судебным исполнителем не возбуждалось исполнительное производство при несоответствии требованиям Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан, возвращается в суд, выдавший его, либо взыскателю.

      3. После возбуждения исполнительного производства судебный исполнитель уведомляет государственный орган о наличии исполнительного документа с предоставлением месячного срока для добровольного исполнения.

      В случае неисполнения государственным органом исполнительного документа в добровольном порядке, судебный исполнитель принимает меры по выставлению инкассового распоряжения в установленном законодательством порядке.

      4. Государственным органом денежные средства по судебным актам на контрольный счет наличности территориального органа уполномоченного органа по обеспечению исполнения исполнительных документов (далее - территориальный орган уполномоченного органа) перечисляются лишь по имеющимся на исполнении у судебных исполнителей исполнительным производствам на основании уведомления судебного исполнителя о необходимости исполнения судебных актов.

      5. Для исполнения судебных актов государственному органу судебным исполнителем предоставляются следующие документы:
      1) копия документа, удостоверяющего личность взыскателя;
      2) копия свидетельства налогоплательщика;
      3) справка банка второго уровня Республики Казахстан (подписанная ответственным лицом и заверенная печатью), в котором открыт лицевой счет взыскателя, с указанием номера лицевого счета, реквизитов банка (МФО, РНН, текущий счет, наименование, адрес) либо копия заявления взыскателя об отправлении денежных средств ему почтовым переводом.

      В случае отсутствия у судебного исполнителя указанных документов денежные средства государственным органом перечисляются на контрольный счет наличности территориального органа уполномоченного органа по г. Астане.

      6. Государственный орган должен обеспечить своевременное перечисление денежных средств по судебным актам на контрольный счет наличности территориального органа уполномоченного органа, либо на лицевые счета взыскателей, о чем своевременно письменно уведомляет территориальный орган уполномоченного органа с приложением подтверждающих документов.

      7. При обращении государственного органа в суд с заявлением об отсрочке и рассрочке исполнения, исполнительное производство приостанавливается до принятия судом соответствующего решения. Для этого государственный орган должен предоставить судебному исполнителю копию заявления со штампом канцелярии суда о принятии документа.

      8. Исполнение инкассовых распоряжений, выставленных на счет государственного органа по исполнительным документам, производится в порядке установленном Правилами исполнения республиканского и местных бюджетов, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2007 года N 225.

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 шілдедегі N 678 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 180 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 180 қаулысымен.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 10 шілдедегі
N 678 қаулысымен   
бекітілген      

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңы 3-бабының 2-1-тармағына (бұдан әрі - Атқарушылық іс жүргізу туралы заң) сәйкес әзірленді және сот шешімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттік бағдарлама шеңберінде сот шешімдері орындалуының бірыңғай тәртібін белгілейді.

2. Бюджеттік бағдарлама шеңберінде сот шешімдерінің орындалу тәртібі

      2. Мемлекеттік орган - бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - мемлекеттік орган) орындауға қабылдаған атқарушылық құжат, ол бойынша сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу қозғамаған болса, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оны берген сотқа не өндіріп алушыға қайтарылады.

      3. Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу қозғалғаннан кейін мемлекеттік органға өз еркімен орындау үшін бір ай мерзімді бере отырып атқарушылық құжатының болуы туралы хабарлайды.
      Мемлекеттік орган атқарушылық құжатты ерікті тәртіппен орындамаған жағдайда, сот орындаушысы заңнамада белгіленген  тәртіппен инкассалық өкім шығару жөнінде шара қабылдайды.

      4. Мемлекеттік орган сот актілері бойынша ақшалай қаражатты атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының (бұдан әрі - уәкілетті органның аумақтық органы) қолма-қол ақшаны бақылау шотына сот орындаушысының сот актілерін орындау қажеттілігі туралы хабарламасы негізінде сот орындаушыларының орындауындағы қолда бар атқарушылық іс жүргізу бойынша ғана аударады.

      5. Сот орындаушысы Сот актілерін орындау үшін мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өндіріп алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      3) өндіріп алушының жеке шоты ашылғанда, жеке шотының нөмірі, банк деректемелері (МФО, СТН, ағымдағы шоты, атауы, мекен-жайы) көрсетіле отырып Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің анықтамасы (жауапты адам қол қойып, мөрмен бекітілген) не өндіріп алушының ақша қаражатын оған почтамен жіберу туралы өтінішінің көшірмесі.
      Сот орындаушысында көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда, мемлекеттік орган ақша қаражатын уәкілетті органның Астана қаласы бойынша аумақтық органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударады.

      6. Мемлекеттік орган уәкілетті органның аумақтық органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына не өндіріп алушылардың жеке шоттарына сот актілері бойынша ақша қаражатын уақтылы аударылуын қамтамасыз етеді, бұл туралы және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органның аумақтық органына уақтылы жазбаша түрде хабардар етеді.

      7. Мемлекеттік орган сотқа орындауды кейінге қалдыру және мерзімінің өтуі туралы өтініш берген кезде атқарушылық іс жүргізу сот тиісті шешім қабылдағанға дейін тоқтатылады. Бұл үшін мемлекеттік орган сот орындаушысына құжатты қабылдау туралы сот кеңсесінің мөртабаны қойылған өтініш көшірмесін ұсынуы тиіс.

      8. Мемлекеттік органның шотына атқарушылық құжаттар бойынша шығарылған инкассалық өкімдердің орындалуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалу ережесінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.