Қазақстан Республикасы Су кодексінің 141-бабына, 2000 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану туралы келісімнің 5-бабына, 2001 жылғы 12 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 8-бабына, 2010 жылғы 7 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісімнің 12-бабына, 1992 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түрікменстан арасындағы мемлекетаралық көздердің су ресурстарын пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының құрамы (бұдан әрі – делегация) бекітілсін.
2. Делегация:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес трансшекаралық суды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырсын;
2) Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардың (бұдан әрі – бірлескен комиссиялар) отырыстарына дайындықты жүзеге асырсын;
3) бірлескен комиссиялар шеңберінде трансшекаралық суды бірлесіп басқарудың, пайдаланудың және қорғаудың өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымын тұжырымдасын;
4) бірлескен комиссиялардың отырыстарына қатыссын;
5) қажет болған жағдайда, оның ішінде іздестіру мен жобалауды, талдамалық зерттеулерді, трансшекаралық су бассейндерінің су ресурстарының жай-күйін талдау мен бағалауды орындау үшін тәуелсіз сарапшылар ретінде ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институттарының ғалымдарын, су шаруашылығы саласындағы практик-мамандарды тартсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлескен комиссиялардың қызметін үйлестірсін, оның ішінде бірлескен комиссиялар отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қазақстандық ұстанымды тұжырымдауды келіссін;
2) делегация мүшелерімен бірлескен комиссиялар отырыстарының күн тәртібі мен хаттамаларының жобаларын келіссін, сондай-ақ су саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау үшін бірлескен комиссиялар отырыстары арасындағы кезеңде кеңестер және/немесе жұмыс кездесулерін өткізсін;
3) бірлескен комиссиялардың әрбір отырысының қорытындысы бойынша қол қойылған хаттамаларға сәйкес қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлесін;
4) мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес трансшекаралық өзендердің сулылығының жай-күйі бойынша жыл сайын гидрометеорологиялық болжауды жүзеге асырсын;
5) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп бірлескен комиссиялардың отырыстары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
6) трансшекаралық суды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау жөнінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар тұжырымдасын;
7) Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындауды, оның ішінде трансшекаралық суды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі техникалық жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтерді (жобалау, іздестіру, зерттеу, талдау, бағалау) мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырсын;
8) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп жыл сайынғы негізде делегация мүшелеріне елден тыс жерлерге іссапар шығыстары үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлу жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ел аумағында консультациялар мен жұмыс кездесулерін, отырыстарды ұйымдастыру және өткізу (үй-жайды жалға алу, көлікті жалға алу, аудармашылар көрсететін қызметтер, ресми қабылдаулар) үшін шаралар қабылдасын;
9) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес делегация құрамына тартылатын мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын тәуелсіз сарапшылардың ел ішіндегі және одан тыс жерлердегі іссапар шығыстарына республикалық бюджеттен қаражат бөлу жөнінде шаралар қабылдасын;
10) бірлескен комиссиялар шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуы, сондай-ақ трансшекаралық суды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау саласындағы үкіметтік деңгейдегі кездесулер мониторингін жүзеге асырсын және талдау жүргізсін, тоқсан сайын тоқсанның соңғы айының 25-күніне дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүргізілген жұмыстың қорытындылары туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде есеп берсін.
4. Трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау, гидрологиялық және су шаруашылығын бағалау, гидрогеология және геоэкология саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ғылыми-зерттеу институттары және өзге де ұйымдар Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің сұратуы бойынша:
1) делегация құрамында Қазақстан Республикасы шегінде және одан тыс жерде жүзеге асырылатын жұмысты істеу үшін өз өкілдерін жіберсін;
2) трансшекаралық суды бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан Республикасының ұсыныстары мен ұстанымын тұжырымдауға жәрдем көрсетсін.
5. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасының ғылыми негізделген дәлелдерін күшейту мақсатында трансшекаралық өзендердің бассейндері бойынша ғарыштық мониторинг пен талдау жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шектес мемлекеттермен келіссөздер процесіне дайындық барысында ықтимал пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін уақтылы хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы трансшекаралық су бассейндерінде суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуді, сондай-ақ осы учаскелерде су үнемдеу технологияларын енгізуді қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі трансшекаралық су бассейндерінде су-энергетикалық ресурстарды пайдалану мәселелері жөніндегі құжаттардың жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстарды тұжырымдауға жәрдем көрсетсін және қатыссын.
8. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі:
1) келіссөздер процесіне дайындық барысында ықтимал пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін уақтылы хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің су ресурсына қажеттілігіне тұрақты мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша трансшекаралық су бассейндеріндегі су көлігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша құжаттар жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстар тұжырымдасын.
9. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі:
1) мониторинг жүйелерінен, оның ішінде Жерді қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып алынған трансшекаралық су бассейндерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы туралы жедел ақпарат алмасу бойынша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша трансшекаралық су бассейндеріндегі төтенше жағдайлар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша құжаттар жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстар тұжырымдасын.
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі трансшекаралық су бассейндеріндегі микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша жедел ақпарат алмасу жөнінде Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етсін.
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне трансшекаралық су бассейндерінің қазақстандық бөлігінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын беріп отырсын;
2) трансшекаралық судың су-энергетикалық ресурстарын пайдаланудың экономикалық және әлеуметтік пайдасын айқындау мәселелері бойынша құжаттардың жобаларына ұстанымдар мен ұсыныстарды тұжырымдауға жәрдем көрсетсін және қатыссын.
12. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және шектес мемлекеттермен шекаралас облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері Қазақстан аумағында келіссөздер жүргізу, консультациялар мен жұмыс кездесулерін өткізу кезінде протоколдық іс-шараларды ұйымдастыруды қоса алғанда, бірлескен комиссиялардың жұмысы үшін жағдайды қамтамасыз ету, сондай-ақ қажет болған жағдайда, медициналық көмек көрсету, делегация мүшелерінің жеке қауіпсіздігін, оның ішінде кедендік шекарадан өту кезінде мүлік пен құжаттамаға қол сұғылмаушылықты, оларды тіркеуді жүзеге асыру бойынша (қажет болған кезде) және кедергісіз жүріп-тұруға жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|
Ә. Смайылов
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 781 қаулысымен бекітілген |
Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен трансшекаралық суды басқару, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының құрамы
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, басшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, басшының орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы, басшының орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Түркістан облысы әкімінің орынбасары
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Алматы облысы әкімінің орынбасары
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Атырау облысы әкімінің орынбасары
Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры, жұмыс тобының жетекшісі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Трансшекаралық өзендер департаменті директорының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Трансшекаралық өзендер департаменті трансшекаралық өзендер басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті Трансшекаралық су ресурстары басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті мелиорация басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті энергетиканы және экологияны дамыту басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті су көлігі басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдың алу басқармасының бастығы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдың алу басқармасының бастығы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық су ресурстары басқармасының кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті трансшекаралық су ресурстары басқармасының екінші хатшысы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Трансшекаралық өзендер департаменті трансшекаралық өзендер басқармасының бас сарапшысы, хатшы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті су көлігі басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті энергетиканы және экологияны дамыту басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, басшының орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің басқарма басшысы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі
"Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
"Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
"Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
"Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
"Ақтөбе облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
"Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау бөлімінің басшысы
"Павлодар облысының әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің автомобиль тасымалы және көлік бөлімінің басшысы
"Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
"Шығыс Қазақстан облысы Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
"Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Экологиялық мониторинг департаментінің директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Гидрология департаментінің директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан филиалының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалы директорының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалының қоршаған ортаның жай-күйін бақылау зертханасының бастығы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас заңгері (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Павлодар филиалының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Солтүстік Қазақстан филиалының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Түркістан филиалының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Атырау филиалының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан филиалының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан филиалының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қостанай филиалының директоры (келісу бойынша)
"Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының орынбасары (келісу бойынша)
"Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының Ғылыми-ақпараттық орталығы" қазақ филиалының директоры (келісу бойынша)
"Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы" қоғамдық қорының директоры (келісу бойынша)
"Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясы" қоғамдық қоры Су ресурстары департаментінің директоры (келісу бойынша)
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі су ресурстарының мониторингі, мемлекеттік есепке алу және кадастры бөлімінің басшысы
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі Павлодар аумақтық бөлімінің басшысы
Шу-Талас комиссиясы хатшылығының қазақстандық бөлімінің басшысы (келісу бойынша)
"Ұ.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісу бойынша)
"Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы" "KEGOC" акционерлік қоғамы филиалының Энергетикалық режимдер қызметі бастығының орынбасары (келісу бойынша)
"География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамы су ресурстары зертханасының ғылыми қызметкері (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының өкілі (келісу бойынша)
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Сыртқы саяси зерттеулер институты" акционерлік қоғамының өкілі (келісу бойынша)
Су шаруашылығы саласындағы тәуелсіз сарапшы (келісу бойынша).