О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения

Решение XVI сессии IV созыва Карагандинского городского маслихата от 24 декабря 2008 года N 184. Зарегистрировано управлением юстиции города Караганды Карагандинской области 26 декабря 2008 года N 8-1-85. Утратило силу - решением Карагандинского городского маслихата от 23 декабря 2009 года N 301

      Сноска. Утратило силу решением Карагандинского городского маслихата от 23.12.2009 N 301.

      В соответствии с подпунктом 2 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "Об образовании" от 27 июля 2007 года, подпунктом 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан" от 7 июля 2004 года Карагандинский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить на 2009 год льготный проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) следующим категориям учащихся города Караганды:
      1) учащимся общеобразовательных учебных заведений города Караганды с первого по восьмой классы включительно – бесплатный проезд, (за исключением летнего периода с 1 июня по 31 августа 2009 года);
      2) учащимся общеобразовательных учебных заведений, профессиональных школ и лицеев с девятого по одиннадцатый классы, учащимся колледжей (на базе девятых классов с первого по второй курсы), с приобретением ученического проездного билета стоимостью 400 тенге, либо с оплатой 50% существующего тарифа, (за исключением летнего периода с 1 июня по 31 августа 2009 года);
      3) лицам, обучающимся в профессиональных школах и лицеях, колледжах (на базе одиннадцати классов) и в высших учебных заведениях очной формы обучения всех форм собственности, с приобретением проездного билета стоимостью 1300 тенге, либо с оплатой 50% существующего тарифа, (за исключением летнего периода с 1 июня по 31 августа 2009 года).
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Карагандинского городского маслихата от 29.04.2009 N 215 (порядок введения в действие см. в пункте 3).
      2. Сохранить на летний период 2009 года (с 1 июня по 31 августа) льготы на проезд на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) следующим категориям обучающихся общеобразовательных учебных заведений, профессиональных школ и лицеев, колледжей, высших учебных заведений очной формы обучения города Караганды всех форм собственности:
      1) детям-сиротам;
      2) детям, оставшимся без попечения родителей;
      3) детям с ограниченными возможностями в развитии;
      4) детям-инвалидам и инвалидам с детства;
      5) детям из многодетных семей;
      6) детям по утере одного из родителей;
      7) детям матерей-одиночек.
      3. Обеспечить выделение средств из бюджета города Караганды на 2009 год в сумме 459 172 тысяч тенге по программе 6.02.464.008 "Социальная поддержка обучающихся и воспитанников организаций образования очной формы обучения", подпрограмме 100 "Льготный проезд на общественном транспорте (кроме такси) по решению местных представительных органов", специфике 311 "Субсидии крестьянским (фермерским) хозяйствам и юридическим лицам".
      4. Признать утратившим силу решение N 50 от 21 декабря 2007 года IV cессии Карагандинского городского маслихата IV созыва "О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-1-67, опубликовано в газете "Взгляд на события" от 25 января 2008 года N 008 (337).
      5. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по вопросам труда, социальной сферы и социальной защиты населения (председатель Аймагамбетов Асхат Канатович).
      6. Данное решение вводится в действие с 1 января 2009 года.

      Председатель очередной
      XVI сессии Карагандинского
      городского маслихата IV созыва             В. Долинский

      Секретарь Карагандинского
      городского маслихата                       К. Бексултанов

      Согласовано:

      Начальник
      государственного учреждения
      "Отдел образования города Караганды"       Ж. Жилбаев

Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған ХVI сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 184 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 желтоқсанда N 8-1-85 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 301 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.12.23 N 301 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына , Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 4 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Қарағанды қаласы оқушыларының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдіктермен жүру 2009 жылға белгіленсін:
      1) Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда - тегін жүру (2009 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда);
      2) жалпы білім беретін оқу орындарының, лицейлер мен кәсіптік мектептердің тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларына, колледж оқушыларына (тоғызыншы сыныптың негізінде біріншіден екінші курсқа дейін) - құны 400 теңге тұратын оқушының жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеген жағдайда (2009 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда);
      3) барлық меншік түріндегі кәсіптік мектептер мен лицейлерде, колледждер (он бірінші сыныптың негізінде) мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын тұлғаларға құны 1300 теңге тұратын жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеген жағдайда (2009 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жаз мезгілін алып тастағанда).
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.04.29 N 215 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.
       2. Барлық меншік түріндегі Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарында, кәсіптік мектептер мен лицейлерде, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде оқитындардың келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге жеңілдіктер 2009 жылдың жаз мезгілінде (1 маусымнан 31 тамызға дейін) сақталсын:
      1) жетім балаларға;
      2) ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға;
      3) дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға;
      4) жасынан мүгедек және мүгедек балаларға;
      5) көп балалы отбасы балаларына;
      6) ата-анасының бірінен айрылған балаларға;
      7) жалғыз басты аналар балаларына.
       3. "Шаруа (фермер) қожалықтарына және заңды тұлғаларға берiлетiн субсидиялар" 311 ерекшелігі, "Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдікпен жүру" 100 кіші бағдарламасы бойынша, "Білім ұйымдарының күндізгі оқу нысанының оқушылары мен тәрбиеленушілерiн әлеуметтік қолдау" 6.02.464.008 бағдарламасы бойынша 459 172 мың теңге сомасында Қарағанды қаласының 2009 жылға арналған бюджетінен қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.

       4. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы ІV сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" N 50 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-67, "Взгляд на события" газетінде 2008 жылғы 25 қаңтарда N 008 (337) жарияланған).

       5. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Аймағамбетов Асхат Қанатұлы).

       6. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгiзiледi.

      ІV шақырылған Қарағанды
      қалалық мәслихатының кезекті
      ХVІ сессиясының төрағасы                   В. Долинский

      Қарағанды қалалық мәслихат хатшысы         Қ. Бексұлтанов

      Келісілді:

      "Қарағанды қаласының
      білім бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ж. Жылбаев