Об определении целевых групп населения и дополнительных мер по содействию их занятости и социальной защите в 2008 году

Постановление акимата города Павлодара Павлодарской области от 8 апреля 2008 года № 422/10. Зарегистрировано Управлением юстиции города Павлодара Павлодарской области 12 мая 2008 года за № 112. Утратило силу - постановлением акимата города Павлодара Павлодарской области от 16 января 2009 года N 24/1.

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Павлодара Павлодарской области от 16 января 2009 года N 24/1.

      В соответствии с подпунктами 13), 14) пункта 1 статьи 31  Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", с пунктом 2 статьи 5, подпунктом 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат города Павлодара ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Дополнить перечень лиц, относящихся к целевым группам населения, проживающих на территории города Павлодара, следующими категориями безработных граждан:
      1) лица, имеющие ограничения в труде по справкам врачебно-консультационной комиссии;
      2) женщины старше 50 лет;
      3) мужчины старше 55 лет;
      4) выпускники учебных заведений до 24 лет включительно;
      5) лица, не работающие длительное время (более одного года);
      6) лица, не имеющие в семье ни одного работающего;
      7) женщины, имеющие детей в возрасте до 5 лет.
      2. Определить дополнительные меры по социальной защите безработных граждан из целевых групп населения:
      1) ввести гибкий график (неполная  рабочая  неделя или неполный рабочий день) для направленных на общественные работы с оплатой в полном размере не менее минимальной заработной платы: инвалидов; лиц, имеющих ограничения в труде по справкам врачебно-консультационной комиссии; одиноких матерей, воспитывающих детей в возрасте до 14 лет; многодетных матерей, воспитывающих несовершеннолетних детей; граждан, имеющих на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре; лиц предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту); женщин, имеющих детей в возрасте до 5 лет;
      2) продлить срок участия в общественных работах до достижения ими пенсионного возраста для лиц предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию);
      3) установить срок участия в общественных работах от шести месяцев до одного года инвалидам; лицам, имеющим ограничения в труде по справкам врачебно-консультационной комиссии, кроме лиц, предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию);
      4) заключать договоры по организации общественных работ с оплатой в одностороннем порядке из средств местного бюджета с работодателями, обеспечивающими работой безработных из целевых групп;
      5) заключать договоры с учебными заведениями города на профессиональное обучение безработных граждан, включая затраты на питание, проезд в общественном транспорте на период обучения. Оплату за профессиональное обучение производить за фактическое время обучения на курсах согласно предоставляемым табелям учета рабочего времени.
      3. Уполномоченному органу по вопросам занятости государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Павлодара" осуществлять реализацию дополнительных мер по социальной защите безработных граждан, относящихся к целевым группам населения.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении 10 (десять) календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      5. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на исполняющего обязанности заместителя акима города Асанова С. Д.

      Аким города Павлодара                      Б. Демеуов

Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2008 жылы оларды жұмыспен қамтумен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі қосымша шаралар туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімиятының 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 422/10 қаулысы. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында N 112 тіркелген. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімиятының 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 24/1 қаулысымен.

      Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімиятының 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 24/1 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13), 14)-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2-тармақшасына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі жұмыссыз азаматтардың мынадай санаттарымен толықтырылсын:
      1) дәрігерлік - консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан әйелдер;
      3) 55 жастан асқан ерлер;
      4) толық 24 жасқа дейінгі оқу мекемелерінің түлектері;
      5) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
      6) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
      7) 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;
      2. Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар анықталсын:
      1) толық мөлшерде төлеумен ең төмен жалақыдан кем емес қоғамдық жұмыстарға жіберілген мүгедектерге; дәрігерлік - консультациялық комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға; 14 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналарға; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға; асырауында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет ететін тұлғалары бар азаматтарға; зейнеткерлік алдындағы жасқа келген тұлғаларға (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); 5 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ыңғайлы кесте (толық емес жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні) енгізілсін.
      2) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) тұлғалар үшін қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі олардың зейнеткерлік жасына келуіне дейін ұзартылсын;
      3) зейнеткерлік алдындағы жасқа келген тұлғалардан (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) басқа, дәрігерлік - консультациялық комиссияның аңықтамалары бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғаларға, мүгедектерге қоғамдық жұмыстарға қатысу мерзімі алты айдан бір жылға дейін белгіленсін;
      4) нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз еткен жұмыс берушілермен жергілікті бюджеттің қаражатынан бір жақты тәртіппен төлеумен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша келісім-шарттар жасалсын;
      5) оқу мерзімінде қоғамдық көлікте жүруге, тамаққа арналған шығындарды қоса алғанда жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқытуға қаланың оқу орындарымен келісім-шарттар жасалсын. Кәсіби оқуға арналған ақы курстардағы оқуға қатысқан нақты уақытқа жұмыс уақытын есепке алудың табелдеріне сәйкес жүргізілсін.
      3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды іске асыруды жүзеге асырсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы С. Д. Асановқа жүктелсін.

      Павлодар қаласының әкімі                   Б. Демеуов