Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2009 году

Постановление акимата города Астаны от 5 января 2009 года N 23-10п. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 5 февраля 2009 года N 558. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 5 января 2010 года N 23-1п

       Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 05.01.2010 N 23-1п

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить целевыми группами населения следующие категории:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3) воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения, свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя - юридического лица либо прекращением деятельности работодателя - физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13) выпускники средних специальных и средних профессиональных учебных заведений;
      14) лица, длительное время (более года) не работавшие;
      15) работники, занятые в режиме неполного рабочего времени;
      16) лица, находящиеся в вынужденных отпусках без сохранения заработной платы по инициативе работодателя.
       Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Акимата города Астаны от 25.05.2009 № 580 (порядок введения в действие см. п.4).
      2. Государственному учреждению "Управление занятости и социальных программ города Астаны" (далее - Управление):
      1) принять меры по обеспечению временной занятости и профессиональной подготовки лиц, относящихся к целевым группам населения;
      2) обеспечить содействие в трудоустройстве лиц, относящихся к целевым группам населения;
      3) осуществлять контроль за трудоустройством лиц, относящихся к целевым группам населения.
      3. Работодателям:
      1) содействовать трудоустройству лиц, относящихся к целевым группам населения;
      2) предоставлять Управлению в полном объеме информацию о предстоящем высвобождении работников в связи с ликвидацией организации, сокращением численности или штата, количестве и категориях работников, которых оно может коснуться, с указанием должностей и профессий, специальностей, квалификации и размера оплаты труда высвобождаемых работников и сроках, в течение которых они будут высвобождаться, не менее чем за один месяц до начала высвобождения;
      3) направлять Управлению сведения о наличии свободных рабочих мест (вакантных должностей) в течение трех рабочих дней со дня их появления;
      4) своевременно (в течение пяти рабочих дней со дня направления к ним Управлением граждан) извещать о приеме на работу или об отказе в приеме на работу с указанием причин путем соответствующей отметки в направлении, выданном Управлением.
      4. Управлению произвести государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции.
      5. Постановление акимата города Астаны от 21 января 2008 года № 23-76п "Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2008 году" признать утратившим силу (зарегистрировано в Департаменте юстиции города Астаны 19 февраля 2008 года за № 487, опубликовано в газетах "Астана хабары" от 3 апреля 2008 года, № 42; "Вечерняя Астана" от 3 апреля 2008 года, № 38).
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Акима города Астаны Рахимжанова A.M.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2009 года.
       Сноска. Пункт 7 в редакции постановления акимата города Астаны от 31.03.2009 № 23-291п.

       Аким                                         И. Тасмагамбетов

Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 23-10қ Қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2009 жылғы 5 ақпанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 558 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 23-1қ Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2010.01.05 N 23-1қ Қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
      1) аз қамтылғандар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6) жасы бойынша зейнеткерлікке шығатын (зейнеткерлік жасына екі жыл қалған) тұлғалар;
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар.
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері;
      14) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      15) толық емес жұмыс режимінде қамтылған қызметкерлер;
      16) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы Әкімдігінің 2009.05.25 N 23-513қ (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма):
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
      3) халықтың нысаналы топтарына жататын, орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Жұмыс берушілер:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін;
      2) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын Басқармаға толық көлемде ақпарат берсін;
      3) Басқармаға бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы мәлімет жіберсін;
      4) Басқарма берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы уақтылы (Басқарма оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабардар етсін.
      4. Басқарма әділет органдарында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
      5. "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2008 жылы оларды жұмыспен қамту мен олардың әлеуметтік қорғалуына көмек корсету жөніндегі шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 23-76қ қаулысының (Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 19 ақпанда N 487 болып тіркелген, 2008 жылғы 3 наурыздағы N 42 "Астана хабары" және 2008 жылғы 3 сәуірдегі N  38 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рахымжановқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2009 жылғы 1 қаңтарда туындаған қатынастарға қолданылады.
      Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.31 N 23-291қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - Астана қаласы Әкімдігінің 2009.05.25 N 23-513қ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

      Әкім                                     И. Тасмағамбетов