Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на предприятиях и организациях Тимирязевского района

Постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 3 марта 2009 года N 39. Зарегистрировано Управлением юстиции Тимирязевского района Северо-Казахстанской области 24 марта 2009 года N 13-12-86. Утратило силу постановлением акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 2 апреля 2013 года N 76

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 2.04.2013 N 76

       В соответствии с подпунктом 5-2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест на предприятиях и организациях района.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Циммерман И.В.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                      Б. Жумабеков

Тимирязев ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 39 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 наурызда N 13-12-86 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі N 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 02.04.2013 N 76 қаулысымен

       2001 жылы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындарына жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.В.Циммерманға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                  Б. Жұмабеков