Об организации и финансирования социальных рабочих мест для целевых групп населения

Постановление Атырауского областного акимата от 26 мая 2009 года № 137. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 9 июня 2009 года за № 2548

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 "О занятости населения" подпунктои 1,5 пункта 1 Плана действий Правительства Республики Казахстан на 2009 год по реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года "Через кризис к обновлению и развитию" (Дорожная карта) утвержденного Правительства Республики Казахстани от 6 марта 2009 года № 264 "О мерах реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года "Через кризис к обновлению и развитию", постановлением акимата Атырауской области от 11 января 2008 года № 4 "Об утверждении Плана мероприятий по совершенствованию системы занятости населения Атырауской области на 2008-2010 годы", акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Акимам города Атырау и районов обеспечить полное освоение средств выделенных для организации социальных рабочих мест для целевых групп населения.
      2. При организации и финансирования социальных рабочих мест для целевых групп населения определить, что:
      1) отделы координации занятости и социальных программ города Атырау и районов заключают с работадателями договоры по трудоустройству лиц, входящих в целевые группы населения, на социальные рабочие места, по оплате их труда, с частичной компенсацией их затрат за счет средств местного бюджета;
      2) с целью обеспечения трудоустройства лиц, входящих в целевые группы населения, на социальные рабочие места, акимы города Атырау и районов определяют перечень организаций, в которых будут созданы социальные рабочие места;
      3) трудоустройство лиц, входящих в целевые группы населения, на социальные рабочие места, осуществляется по направлению отделов координации занятости и социальных программ города Атырау и районов;
      4) срок организации социальных рабочих мест устанавливается трудовым договором, заключаемым между работадателем и лицом, трудоустроенным на социальное рабочее место, но не должен превышать шесть месяцев;
      5) размер среднемесячных отчислений на лицо, трудоустроенное  на социальное рабочее место из местного бюджета равен 15 000 тенге;
      6) перечисление бюджетных средств производится отделами  координации занятости и социальных программ города Атырау и районов на расчетные счета работадателей;
      7) оплата труда лица, трудоустроенного на социальное рабочее место осуществляется работадателем ежемесячно в соответствии с условиями трудового договора.
      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Атырауского областного акимата от 02.02.2010 N 16.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Амангалиева С.К. - заместителя акима области.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении  десяти календарных дней после дня его первого официального опубливования.

      Аким области                               Б. Рыскалиев

Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 26 мамырдағы N 137 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 9 маусымда N 2548 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарының (Жол картасы) 1 тармағының 1.5 тармақшасына, Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 4 "Атырау облысының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау қаласы және аудандар әкімдері халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етсін.
      2. Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру кезінде мыналар:
      1) Атырау қаласы және аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жұмыс берушілермен нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, олардың шығындарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеу арқылы олардың еңбегіне ақы төлеу  жөнінде шарттар жасасады;
      2) нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында Атырау қаласы және аудандар әкімдері әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ұйымдардың тізбесін айқындайды;
      3) нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлeуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру Атырау қаласы және аудандардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады;
      4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мерзімі жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлға арасында жасалатын еңбек шартында белгіленеді, алайда ол алты айдан аспауы тиіс;
      5) жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлғаға орташа айлық аударымдарының мөлшері 20 000 теңгеге тең;
      6) жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына бюджет қаражатын аударуды Атырау қаласы және аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жүргізеді;
      7) әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған тұлғаның еңбегіне ақы төлеуді жұмыс беруші ай сайын еңбек шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырады деп белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Атырау облысы әкімдігінің 02.02.2010 № 16 қаулысымен.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  С.Қ. Аманғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Б. Рысқалиев