О внесении дополнений в постановление от 12 февраля 2009 года N 166 "Об определении целевых групп населения и мер по их социальной защите от безработицы в 2009 году"

Постановление акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 10 июня 2009 года N 690. Зарегистрировано в Управлении юстиции города Семей Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 1 июля 2009 года за N 5-2-113. Утратило силу постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 19 июля 2010 года N 783

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 19.07.2010 N 783.
      
      В соответствии с подпунктами 13)14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», на основании пункта 2 статьи 5 и подпунктов 2)6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 «О занятости населения», постановлений Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2009 года № 264 «О мерах по реализации Послания Главы Государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года «Через кризис к обновлению и развитию», Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 мая 2009 года № 75 «О дополнительном перечне лиц, относящихся к целевым группам населения Восточно-Казахстанской области», в целях реализации государственной политики занятости с учетом ситуации на рынке труда и обеспечения дополнительных государственных гарантий в сфере занятости населения, акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата от 12 февраля 2009 года № 166 «Об определении целевых групп населения и мер по их социальной защите от безработицы в 2009 году» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 12 марта 2009 года № 5-2-106, опубликовано в газетах от 19 марта 2009 года № 12 «Семей таңы», от 19 марта 2009 года № 12 «Вести Семей») следующие дополнения:
      «12) выпускники организаций высшего и после вузовского образования;
      13) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя - юридического лица либо прекращением деятельности работодателя - физического лица, сокращением численности или штата работников;
      14) выпускники школ и профессиональных учебных заведений;
      15) занятые в режиме неполного рабочего времени, в связи с изменением в организации производства, в том числе при реорганизации и (или) сокращения объема работ;
      16) лица, находящиеся в отпусках без сохранения зарплаты;
      17) студенты и учащиеся школ во время летних каникул;
      18) женщины старше 50 лет;
      19) мужчины старше 55 лет;
      20) лица, не работающие длительное время (более одного года)».
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечению 10 календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      
      
      И.о. акима города Семей                    С. Уразалиев

"Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2009 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы N 166 қаулыға толықтырулар енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 10 маусымдағы N 690 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 шілдеде N 5-2-113 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 19 шілдедегі N 783 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2010.07.19 N 783 қаулысымен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылгы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31–бабы 1-тармағының 13)14) тармақшаларына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардығы № 149 Заңының 5-бабы 2-тармағы және 7 бабы 2)6)-тармақшаларына, «Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңарту мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264, «Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдарының қосымша тізбесі туралы» Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 75 қаулыларына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын іске асыру және халықты жұмыспен қамту саласында косымша мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2009 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы» әкімдіктің 2009 жылғы 12 ақпандағы № 166 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 12 наурыздағы № 5-2-106 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 наурыздағы № 12 «Семей таңы» және 2009 жылғы 19 наурыздағы № 12 «Вести Семей» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      «12) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      13) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      14) мектептер мен кәсіптік оқу орындарының түлектері;
      15) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;
      16) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
      17) жазғы демалыс уақытындағы студенттер мен мектептер оқушылары;
      18) 50 жастан асқан әйелдер;
      19) 55 жастан асқан ер азаматтар;
      20) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар».
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Семей қала әкімінің
      міндетін атқарушы                                 С. Оразалиев