О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года № 16/4-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"

Решение маслихата города Астаны от 21 апреля 2010 года N 345/46-IV. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 14 мая 2010 года N 628. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 13 декабря 2010 года № 410/54-IV

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 13.12.2010 № 410/54-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Рассмотрев предложение акимата города Астаны, руководствуясь статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 8 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О статусе столицы Республики Казахстан", маслихат города Астаны РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата города Астаны от 17 октября 2007 года № 16/4-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 23 ноября 2007 года за № 478, опубликовано в газетах "Вечерняя Астана" № 187 от 29 ноября 2007 года, "Астана хабары" № 192-194 от 29 ноября 2007 года) следующие дополнения:
      в Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны, утвержденных указанным решением:
      пункт 9 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      "7) перевозка инвалидов города Астаны, испытывающих затруднение при передвижении.";
      раздел 2 дополнить главой 8 следующего содержания:
      "Глава 8. Перевозка инвалидов города Астаны,
                испытывающих затруднение при передвижении
      43-13. Перевозка инвалидов города Астаны, испытывающих затруднение при передвижении, т.е. инвалидов "колясочников" осуществляется в пределах города специализированным транспортом Поставщика услуги.
      43-14. Поставщик обеспечивает бесперебойное функционирование диспетчерской службы, техническую исправность специализированного транспорта, маркировку автомобилей надписью "Инватакси" и телефонами диспетчерской службы, безопасные и комфортные условия проезда для инвалида и другие условия в соответствии с заключенным договором о государственных закупках.
      43-15. Перевозка осуществляется круглосуточно в соответствии с поступившей на телефон диспетчерской службы Поставщика заявкой инвалида. В заявке указываются следующие сведения:
      1) Ф.И.О. инвалида;
      2) группа инвалидности;
      3) номер пенсионного удостоверения;
      4) адрес проживания (адрес нахождения на момент вызова);
      5) адрес места назначения;
      6) время доставки;
      7) необходимость (отсутствие необходимости) сопровождающего лица;
      8) контактный телефон.
      43-16. Услуга по перевозке предоставляется одному инвалиду общей продолжительностью не более четырех часов в день и не более двух часов единовременно.
      43-17. Если у инвалида отсутствует сопровождающее лицо, оно обеспечивается Поставщиком.
      43-18. По окончании поездки пассажир-инвалид расписывается о выполнении заказа в реестре оказанных услуг, представленном Поставщиком.
      43-19. Ежемесячно до 5 числа следующего месяца Поставщик представляет Администратору акты и реестры оказанных услуг, содержащие сведения, указанные в пункте 43-15 и сведения о продолжительности оказания услуг.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      маслихата города Астаны                    Ю. Келигов

      Секретарь маслихата
      города Астаны                              В. Редкокашин

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 345/46-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 628 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 410/54-IV Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2010.12.13 N 410/54-IV Шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 6-бабын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заңның 8-бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы № 16/4-IV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 23 қарашада № 478 болып тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашада № 187 «Вечерняя Астана», 2007 жылғы 29 қарашада № 192-194 «Астана хабары» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидаларында:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) Астана қаласының жүріп-тұруы қиын мүгедектерін тасымалдау.»;
      2-бөлім мынадай мазмұндағы 8-тараумен толықтырылсын: 
      «8-тарау. Астана қаласының жүріп-тұруы қиын мүгедектерін тасымалдау

      43-13. Астана қаласының жүріп-тұруы қиын мүгедектерін, яғни арбамен жүретін мүгедектерді тасымалдау қызметтері Жеткізушінің мамандырылған көлігімен қала шегінде жүзеге асырылады.
      43-14. Жеткізуші диспетчерлік қызметтің үздіксіз жұмыс істеуін, мамандырылған көліктің техникалық жарамдылығын, автомобильді «Мүгедектер таксиі» деген жазумен және диспетчерлік қызметтің телефондарымен, жол жүрудің қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдайын және мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа сәйкес басқа да жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
      43-15. Тасымалдау Жеткізушінің диспетчерлік қызметінің телефонына келіп түскен мүгедектердің өтініштеріне сәйкес тәулік бойы жүзеге асырылады. Өтініште төмендегідей мәліметтер көрсетіледі:
      1) мүгедектің аты-жөні;
      2) мүгедектік тобы;
      3) зейнеткерлік куәлігінің нөмірі;
      4) тұратын мекен-жайы (шақыру кезінде тұрған мекен-жайы);
      5) баратын жерінің мекен-жайы;
      6) жеткізілетін уақыты;
      7) ілестіріп жүретін тұлғаның қажеттілігі (қажет еместігі);
      8) байланыс телефоны.
      43-16. Тасымалдау қызметі бір мүгедекке жалпы жалғасымдығы күніне төрт сағаттан көп емес және бір реттік уақыты екі сағаттан көп емес мөлшерде ұсынылады.
      43-17. Егер мүгедекте ілестіріп жүретін тұлға болмаса, ол қызметті Жеткізуші қамтамасыз етеді.
      43-18. Жол жүру аяқталғаннан кейін мүгедек жолаушы Жеткізуші ұсынған көрсетілген қызметтер тізіліміне тапсырыстың орындалуы туралы қолын қояды.
      43-19. Жеткізуші ай сайын келесі айдың 5-не дейін Әкімшіге 43-15 тармақта көрсетілген мәліметтерді және қызмет көрсетудің жалғасымдығы туралы мәліметтерді қамтитын актілер мен көрсетілген қызметтер тізілімін ұсынады.».
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                         Ю. Келигов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                              В. Редкокашин