О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 12 ноября 2009 года № 331 "Об определении условий передачи в имущественный наем (аренду) объектов государственной коммунальной собственности Актюбинской области"

Постановление акимата Актюбинской области от 28 декабря 2010 года № 410. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 25 января 2011 года № 3358. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 6 апреля 2012 года № 117

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 06.04.2012 № 117.

       В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 3 статьи 28 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года № 213 «О нормативных правовых актах» акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата области «Об определении условий передачи в имущественный наем (аренду) объектов государственной коммунальной собственности Актюбинской области» от 12 ноября 2009 года № 331 (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3303, опубликованное в газетах «Актобе», «Актюбинский вестник» 22 декабря 2009 года за № 152, 153) следующие изменения и дополнения:
      в пункте 1 подпункт 1:
      дополнить абзацем следующего содержания: «предоставление помещений победителям тендеров по обеспечению горячего питания учащихся школ города Актобе и районов области»;
      слова «по представлению органов государственного управления» заменить словами «по представлению балансодержателей»;
      подпункт 3) исключить;
      дополнить подпунктами 4)5) следующего содержания:
      «4) Рассмотрение поступивших заявок и принятие решений по ним производится Арендодателем в месячный срок с момента их поступления, при наличии следующих документов:
      письмо-согласование от балансодержателя объекта;
      копии учредительных документов (для юридических лиц);
      копии свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя, паспорта или иного удостоверяющего личность документа (для физических лиц);
      копии свидетельства налогоплательщика Республики Казахстан»;
      «5) Сдача в имущественный найм (аренду) объектов коммунальной собственности осуществляется ГУ «Управление финансов Актюбинской области», районными и городским отделом финансов»;
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Государственному учреждению «Управление финансов Актюбинской области» определить расчет ставок арендной платы объектов коммунальной собственности».
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Аким области                             Е. Сагиндиков

Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 331 "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру шарттарын анықтау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 410 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 қаңтарда № 3358 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 117 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012.04.06 № 117 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің «Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру шарттарын анықтау туралы» 2009 жылғы 12 қарашадағы № 331 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3303 тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде 2009 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармағының 1 тармақшасы:
      «Ақтөбе қаласындағы және аудандардағы мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша тендерді ұтып алған тұлғаларға мектептерде жайлар беру» жолымен толықтырылсын;
      «мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша» деген сөздер «баланс ұстаушының ұсынысы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4)5) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) Түскен өтінімдерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау Жалға берушімен олардың түскен кезінен бастап бір айлық мерзімде, мынадай құжаттары бар болған жағдайда жүргізіледі:
      объектінің баланс ұстаушысынан келісім-хат;
      құрылтай құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
      жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің, төлқұжатының немесе жеке басын куәлендіретін басқа құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
      Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі»;
      «5) Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ, аудандық және қалалық қаржы бөлімімен жүзеге асырылады»;
      2 тармағы мынадай редакцияда оқылсын:
      «2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі коммуналдық меншік объектілерін жалға алу төлемі мөлшерлемесінің есебін анықтасын.»
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі. 

      Облыс әкімі                               Е.Сағындықов