Об организации "Молодежной практики" для безработной молодежи

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 20 апреля 2010 года N 82. Зарегистрировано Управлением юстиции Каркаралинского района Карагандинской области 29 апреля 2010 года N 8-13-82. Утратило силу - постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 14 июня 2011 года N 170

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 14.06.2011 N 170 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2009 года N 2162 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2010 – 2012 годы", акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района":
      1) организовать работу по проведению "Молодежной практики" среди граждан, окончивших учебные заведения начального, среднего и высшего профессионального образования и зарегистрированных в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района" в качестве безработных (далее – безработная молодежь);
      2) заключить договоры с работодателями, изъявившими желание предоставить временные рабочие места для безработной молодежи сроком не более шести месяцев;
      3) производить оплату труда безработной молодежи в сумме двадцать тысяч тенге в месяц путем зачисления средств на их лицевые счета.
      2. Государственному учреждению "Отдел финансов Каркаралинского района" осуществлять финансирование по бюджетной программе 451–02-103 "Расширение программ социальных рабочих мест и молодежной практики за счет целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета" в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий год.
      3. Постановление акимата Каркаралинского района от 19 мая 2009 года N 147 "Об организации "Молодежной практики" для безработной молодежи" (зарегистрирован в управлении Юстиции Каркаралинского района 18 июня 2009 года за N 8-13-65, опубликован в газете "Қарқаралы" 20 июня 2009 года N 47-48) признать утратившим силу.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Каркаралинского района Дюсетаева Серика Смагамбетовича.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 марта 2010 года.

      Аким Каркаралинского района                Н. Омарханов

Жұмыссыз жастарға арналған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 82 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде N 8-13-82 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы N 170 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011.06.14 N 170 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" N 2162 Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) бастапқы, орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар (әрі қарай - жұмыссыз жастар) арасында "Жастардың іс-тәжірибесі" жұмысын өткізуді ұйымдастырсын;
      2) жұмыссыз жастарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен алты айдан аспайтын мерзім уақытқа дейін шарт жасасын;
      3) жұмыссыз жастардың ай сайынғы жиырма мың теңге көлеміндегі еңбек ақылары олардың есеп шоттарына аудару арқылы төленсін.
      2. "Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-02-103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      3. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 мамырдағы "Жұмыссыз жастарға арналған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру туралы" N 147 Қаулысының (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 18 маусымында N 8-13-65 болып тіркелген, 2009 жылдың 20 маусымында "Қарқаралы" газетінде N 47-48 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Серік Смағамбетұлы Дюсетаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қарқаралы ауданының әкімі                  Н. Омарханов