Об определении целевых групп населения в 2011 году

Постановление акимата города Рудного Костанайской области от 15 ноября 2010 года № 1200. Зарегистрировано Управлением юстиции города Рудного Костанайской области 22 декабря 2010 года № 9-2-172

      В соответствии с пунктом 2 статьи 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат города Рудного ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить целевыми группами населения в 2011 году следующие категории:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3) воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя-юридического лица либо прекращением деятельности работодателя-физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13) длительно незанятые (более двенадцати месяцев);
      14) молодежь в возрасте от двадцати одного до двадцати девяти лет;
      15) лица старше пятидесяти лет, зарегистрированные в уполномоченном органе по вопросам занятости в качестве безработных;
      16) выпускники технического и профессионального, послесреднего образования;
      17) лица, зарегистрированные в уполномоченном органе по вопросам занятости в качестве безработных, в случае отсутствия подходящей для них работы;
      2. Уполномоченному органу по вопросам занятости предусмотреть меры по трудоустройству лиц, относящихся к целевым группам населения:
      1) принять меры по социальной защите лиц, относящихся к целевым группам населения;
      2) обеспечить содействие в трудоустройстве лиц, относящихся к целевым группам населения;
      3) осуществлять контроль за трудоустройством лиц, относящихся к целевым группам населения;
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Рудного Ишмухамбетова А.А.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Рудного                        Н. Денинг

2011 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қарашадағы № 1200 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 желтоқсанда № 9-2-172 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттағылар 2011 жылы халықтың нысаналы топтары деп белгіленсін:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) ұзақ уақыт жұмыспен қамтылмағандар (он екі айдан астам);
      14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      15) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;
      16) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білімінің түлектері;
      17) егер оларға лайықты жұмыс болмаған жағдайда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
      2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қарастырсын:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қолдансын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді қамтамасыз етсін;
      3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А.Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Н. Денинг