Об организации социальных рабочих мест в Мойынумском районе в 2011 году

Постановление акимата Мойынкумского района Жамбылской области от 17 марта 2011 года № 82. Зарегистрировано Мойынкумским Управлением юстиции 11 апреля 2011 года за № 6-7-67. Утратило силу постановлением акимата Мойынкумского района Жамбылской области от 19 ноября 2015 года № 359

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мойынкумского района Жамбылской области от 19.11.2015 № 359.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      Руководствуясь статьей 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест согласно приложению.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата Мойынкумского района" в порядке установленном законодательством принять необходимые меры по организации социальных рабочих мест.
      3. Контроль за выполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Б. Есеева.
      4. Данное Постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах Юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Мойынкумского района Б. Рысмендиев

  Приложение к Постановлению
акимата Мойынкумского района
от 17 марта 2011 года

Порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест

      1. Работодатели предлагающие организацию социальных рабочих мест, должны соответствовать нижеследующим требованиям:
      1) работодатель должен быть платежеспособен и не должен иметь задолженность по налогу, бюджету и другим платежам;
      2) должен иметь возможность для создания временного и специального социального рабочего места для целевых групп;
      3) для организации социальных рабочих мест не могут быть использованы постоянные рабочие места и вакансии.
      2. Работодатель на основании договора создает рабочие места для целевых групп.

Мойынқұм ауданында 2011 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы № 82 Қаулысы. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 сәуірде 6-7-67 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 359 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 19.11.2015 № 359 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. "Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Есеевке жүктелсін.
      4. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мойынқұм ауданының әкімі Б. Рысмендиев

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 17 наурыздағы
№ 82 Қаулысына қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер төмендегі талаптарға сай болуы керек:
      1) жұмыс берушілердің салық және бюджетке басқа төлемдер бойынша қарыздары жоқ және төлемдік қабілеттілігі бар болуы;
      2) нысаналы топтар үшін әдейі арналған уақытша жұмыс орындары немесе оларды құруға мүмкіндігі бар болуы;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбау.
      2. Жасалған шарттың негізінде жұмыс беруші нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарды құрады.