Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата города Балхаш Карагандинской области от 15 сентября 2011 года N 32/02. Зарегистрировано Управлением юстиции города Балхаш Карагандинской области 11 октября 2011 года N 8-4-246. Утратило силу - постановлением акимата города Балхаш Карагандинской области от 23 ноября 2011 года N 47/16

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Балхаш Карагандинской области от 23.11.2011 N 47/16 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат города Балхаша ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере 0,5 (ноль целых пять десятых) процента от общей численности рабочих мест на предприятиях, в организациях и учреждениях всех форм собственности.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Балхаш" обеспечить направление лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций для трудоустройства на имеющиеся вакантные рабочие места в соответствии с квотой.
      3. Отменить постановление акимата от 14 июля 2011 года N 29/01 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций".
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Балхаша Молдабаеву Бахит Кадыровну.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Балхаша                        К. Тейлянов

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі N 32/02 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 қазанда N 8-4-246 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қарашадағы N 47/16 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011.11.23 N 47/16 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап  қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Барлық меншік нысандарындағы мекемелерде және ұйымдарда, кәсіпорындарда, жұмыс орындарының жалпы санының 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыз мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орнының квотасы белгіленсін.
      2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес, бар бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларына және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 14 шілдедегі Балқаш қаласы әкімдігінің N 29/01 қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Бахит Кадыровна Молдабаеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі                     Қ. Тейлянов