Об организации Молодежной практики для безработных граждан-выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования в Каркаралинском районе на 2011 год

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 14 июня 2011 года N 170. Зарегистрировано Управлением юстиции Каркаралинского района Карагандинской области 1 июля 2011 года N 8-13-99. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 14 декабря 2015 года N 364

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 14.12.2015 № 364.
      В соответствии с подпунктом 6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в целях трудоустройства безработных граждан – выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования и приобретения ими практического опыта, знаний и навыков акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Уполномоченному органу - государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района" (далее – Отдел занятости):
      1) организовать работу по проведению Молодежной практики среди безработной молодежи, зарегистрированной в качестве безработных в Отделе занятости, из числа выпускников организаций образования, реализующих профессиональные образовательные программы технического и профессионального, послесреднего, высшего образования, не старше двадцати девяти лет;
      2) заключить с работодателями, изъявившими желание предоставить временные рабочие места безработным - выпускникам профессиональных учебных заведений в рамках Молодежной практики, договор на организацию профессиональной после дипломной практики для безработной молодежи;
      3) финансирование мероприятий по проведению Молодежной практики проводить за счет средств республиканского трансферта и районного бюджета.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 26.07.2011 N 231 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      2. Размер среднемесячных отчислений для лиц, направляемых на Молодежную практику, с учетом плановой численности трудоустраиваемых и продолжительности участия, включая обязательные пенсионные взносы и индивидуальный подоходный налог составляет 26 000 тенге.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 26.07.2011 N 231 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      3. Постановление акимата Каркаралинского района от 20 апреля 2010 года N 82 "Об организации "Молодежной практики" для безработной молодежи" (зарегистрирован в управлении Юстиции Каркаралинского района 29 апреля 2010 года N 8-13-82 опубликован в газете "Қарқаралы" 8 мая 2010 года N 37-38) признать утратившим силу.
      4. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима Каркаралинского района С.С. Дюсетаева.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

Аким Каркаралинского района
К. Максутов

      

Қарқаралы ауданында 2011 жылға арналған орта және жоғары кәсіби білім орындарын бітірген түлектер-жұмыссыз азаматтарға Жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы N 170 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 1 шілдеде N 8-13-99 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 364 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 14.12.2015 № 364 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды-орта және жоғары кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында Қарқаралы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті орган – "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі- Жұмыспен қамту бөлімі):
      1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, кәсіби және техникалық орта білімнен кейінгі, жоғары оқыту бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын бітіруші, жиырма тоғыз жастан аспаған жұмыссыз жастар арасында Жастар тәжірибесін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсін;
      2) Жастар тәжірибесі шеңберінде кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыруға шарттар жасасын;
      3) Жастар тәжірибесі бойынша іс-шараларды жүргізуді қаржыландыру республикалық трансферт және аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011.07.26 N 231 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдар үшін орташа айлық аударымдар мөлшері жұмысқа орналыстырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 теңгені құрайды.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2011.07.26 N 231 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Қарқаралы ауданының әкімдігінің 20 сәуір 2010 жыл "Жұмыссыз жастарға арналған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру туралы" N 82 Қаулысының (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 29 сәуірдегі N 8-13-82 болып тіркелген, 2010 жылдың 8 мамырда "Қарқаралы" газетінде N 37-38 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкiмінің орынбасары С.С. Дюсетаевқа жүктелсiн.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қарқаралы ауданының әкiмi
К. Максутов