Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи-выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования

Постановление акимата Нуринского района Карагандинской области от 13 мая 2011 года N 10/10. Зарегистрировано Управлением юстиции Нуринского района Карагандинской области 30 мая 2011 года N 8-14-146. Утратило силу - постановлением акимата Нуринского района Карагандинской области от 3 февраля 2012 года N 02/01

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Нуринского района Карагандинской области от 03.02.2012 N 02/01 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии c подпунктом 6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", в целях расширения возможностей трудоустройства безработных граждан – выпускников учебных заведений среднего и высшего профессионального образования и приобретения ими практического опыта, знаний и навыков акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Уполномоченному органу – государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Нуринского района" (далее – Отдел занятости):
      1) организовать работу по проведению Молодежной практики среди безработной молодежи, зарегистрированной в качестве безработных в Отделе занятости, окончившей учебные заведения среднего и высшего профессионального образования по профессии, оказать содействие в трудоустройстве и повышению конкурентоспособности на рынке труда;
      2) заключить с работодателями, изъявившими желание предоставить временные рабочие места безработным - выпускникам профессиональных учебных заведений в рамках Молодежной практики, договор на организацию профессиональной последипломной практики для безработной молодежи;
      3) финансирование мероприятий по проведению Молодежной практики проводить за счет средств республиканского и местного бюджетов;
      4) определить размер среднемесячных отчислений для лиц, направляемых на Молодежную практику, исходя из общей суммы трансфертов, с учетом плановой численности трудоустраиваемых и продолжительности участия, включая обязательные пенсионные взносы и индивидуальный подоходный налог 26 000 тенге.
      2. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Даутову Зару Ахметжановну.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата района от 7 июля 2010 года N 12/09 "Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи-выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования" (зарегистрированное в Управлении юстиции Нуринского района Карагандинской области 9 августа 2010 года, номер государственной регистрации 8-14-124, опубликовано в районной газете "Нұра" 14 августа 2010 года N 33).
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Аким района                                С. Шайдаров

Орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін – жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы N 10/10 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 мамырда N 8-14-146 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 ақпандағы N 02/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2012.02.03 N 02/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды - орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті орган - "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі):
      1) кәсібі бойынша орта және жоғарғы кәсіби білім беру орындарын бітірген, Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастырсын, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетсін;
      2) Жастар тәжірибесі шеңберінде кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастарға дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыруға шарттар жасасын;
      3) Жастар тәжірибесін жүргізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру республикалық және аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылсын;
      4) Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдар үшін орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
      3. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 7 шілдедегі "Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін-жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы" (Қарағанды облысы Нұра ауданының әділет басқармасында 2010 жылдың 9 тамызында тіркелінді, тіркеу нөмірі 8-14-124, 2010 жылғы 14 тамыздағы N 33 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) N 12/09 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Шайдаров