О дополнительных мерах по социальной защите в сфере занятости граждан из целевых групп населения на 2011 год

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 04 февраля 2011 года N 79/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 28 февраля 2011 года N 12-3-288. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо руководителя аппарата акима города Экибастуза Павлодарской области от 29 января 2013 года N 24/1-23/88)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо руководителя аппарата акима города Экибастуза Павлодарской области от 29.01.2013 N 24/1-23/88).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 5718-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях обеспечения занятости безработных из целевых групп населения, акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам на 2011 год:
      1) молодежь в возрасте от двадцати одного года до двадцати девяти лет;
      2) лица, в возрасте старше 50 лет для женщин и старше 55 для мужчин;
      3) лица, длительно (более года) не работающие;
      4) лица из семей, не имеющих ни одного работающего;
      5) безработные, прошедшие курс профессиональной подготовки и переподготовки по направлению государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза";
      6) лица, завершившие обучение в профессиональных лицеях, средне-специальных, высших учебных заведениях в 2010 и 2011 годах.
      2. Установить в качестве дополнительной меры по социальной защите безработных – для выпускников, завершивших обучение в учебных заведениях профессиональных лицеях, средне-специальных, высших учебных заведениях, при трудоустройстве для прохождения "молодежной практики" возмещение затрат работодателю в размере 15 999 (пятнадцать тысяч девятьсот девяноста девять) тенге.
      3. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза" (Базарбаева А.К) осуществлять трудоустройство на социальные рабочие места безработных из целевых групп и финансирование в соответствии с договорами, заключенными с работодателями.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Экибастуза Оспанкулова Г.А.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2011 года.

      Аким города Экибастуза                     А. Вербняк

Халықтың нысаналы тобындағы азаматтарды жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша 2011 жылға арналған қосымша шаралар туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 04 ақпандағы N 79/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 28 ақпанда N 12-3-288 тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 2013 жылғы 29 қаңтардағы N 24/1-23/88 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппарат басшысы 29.01.2013 N 24/1-23/88 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5718-1 баптарына сәйкес, халықтың нысаналы тобындағы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2011 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) әйелдер үшін 50 жастан жоғары және ер адамдар үшін 55 жастан жоғары тұлғалар;
      3) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
      4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
      5) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздар;
      6) 2010 және 2011 жылдары оқуларын кәсіптік лицейлерде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында аяқтаған тұлғалар.
      2. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша "жастар тәжірибесінен" өту үшін жұмысқа орналасқан кезде оқуларын кәсіптік лицейлерде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында аяқтаған түлектерге 15 999 (он бес мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) теңге мөлшерде жұмыс берушіге өтелетін қосымша шара ретінде белгіленсін.
      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Қ. Базарбаева) нысаналы топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және жұмыс берушілермен жасалған келісімшарттарға сәйкес қаржыландыруды іске асырсын.
      4. Осы каулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.

      Екібастұз қаласының әкімі                  А. Вербняк