О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 2 марта 2010 года N 1/144 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, в городе Алматы"

Постановление Акимата города Алматы от 30 декабря 2011 года N 4/1125. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 13 января 2012 года за N 920

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан  от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       1. Внести в постановление акимата города Алматы «Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам, в городе Алматы» от 2 марта 2010 года № 1/144 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 839, опубликовано 20 марта 2010 года в газетах  «Вечерний Алматы» № 36 и 18 марта 2010 года «Алматы Акшамы» № 33) следующее изменение:
      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему постановлению.
       2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима города Алматы  М. Мукашева.
       3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы                            А. Есимов

Приложение
к постановлению акимата
города Алматы
от 30 декабря 2011 года № 4/1125

Дополнительный перечень лиц, относящихся
к целевым группам:

      1. Выпускники колледжей и профессиональных лицеев.
      2. Лица, длительное время (двенадцать и более месяцев) не работающие.

Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 "Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы N 4/1125 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қаңтарда N 920 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 2 наурыздағы № 1/144 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 839 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 наурыздағы «Вечерний Алматы» газетінің № 36 санында және 2010 жылғы 18 наурыздағы «Алматы Ақшамы» газетінің № 33 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                      А. Есімов

Алматы қаласы әкімдігінің
2011 жылғы «30» желтоқсандағы
№ 4/1125 қаулысына қосымша

Нысаналы топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесі:

      1. Колледждерді және кәсіптік лицейлерді бітірушілер.
      2. Ұзақ уақыттан бері (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемейтін тұлғалар.