Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата города Кентау Южно-Казахстанской области от 19 сентября 2011 года N 290. Зарегистрировано Управлением юстиции города Кентау Южно-Казахстанской области 7 октября 2011 года N 14-3-114. Утратило силу постановлением акимата города Кентау Южно-Казахстанской области от 8 мая 2013 года N 179

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Кентау Южно-Казахстанской области от 08.05.2013 N 179.

      В соответствии статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» и подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», акимат города Кентау ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Отделу занятости и социальных программ (Р.Кожабекова) согласно пункту 1 данного постановления обеспечить направление лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций для трудоустройства на имеющиеся вакантные рабочие места.
      3.Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Б.Алиманова.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
      Аким города                                Н.Калмурзаев

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі N 290 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 қазанда N 14-3-114 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 8 мамырдағы N 179 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 08.05.2013 N 179 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Кентау қаласының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Р.Қожабекова) осы қаулының 1-тармағына сәйкес бос жұмыс орындарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жолдамамен жіберуді жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Алимановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
      Қала әкімі                                 Н.Қалмұрзаев