Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима в селе Бахты Бахтинского сельского округа

Постановление акимата Урджарского района Восточно-Казахстанской области от 29 декабря 2011 года N 571. Зарегистрировано Управлением юстиции Урджарского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 04 января 2012 года за N 5-18-139. Утратило силу - постановлением акимата Урджарского района ВКО от 27 января 2012 года N 33

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Урджарского района ВКО от 27.01.2012 N 33.

      В соответствии с подпунктом 18) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года и подпунктом 9) пункта 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года акимат Урджарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В связи с возникновением заболевания ящура среди крупного рогатого скота в селе Бахты Бахтинского сельского округа, установить ветеринарный режим карантинной зоны с введением карантинного режима.
      2. Рекомендовать начальнику Урджарской районной территориальной инспекции Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан С. Садвакасову обеспечить контроль за исполнением требований данного карантинного мероприятия.
      3. Рекомендовать начальнику отдела внутренних дел Урджарского района М. Ишкибаеву оказать содействие в проведении оздоровительных мероприятий.
      4. Поручить акиму Бахтинского сельского округа Б. Сламбаеву проводить ввоз на территорию и вывоз с режимной территории сельскохозяйственных животных, заготовку и реализацию продукции, сырья животного происхождения, организацию труда с соблюдением правил, установленных законодательными актами Республики Казахстан в области ветеринарии.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ж. Байсабырова.
      6. Постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Аким Урджарского района                    Б. Жанаков

      Согласовано:

      Начальник Урджарской
      районной территориальной
      инспекции Комитета
      государственной инспекции
      в агропромышленном комплексе
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан                       С. Садвакасов

      29 декабря 2011 г.

      Начальник отдела внутренних
      дел Урджарского района                     М. Ишкибаев

      29 декабря 2011 г.

Бақты ауылдық округінің Бақты ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 571 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 04 қаңтарда N 5-18-139 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы N 33 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы әкімдігінің 2012.01.27 N 33 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бақты ауылдық округінің Бақты ауылында ірі қара малдар арасынан аусыл ауруы пайда болуына байланысты, карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағына ветеринарлық режим белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Садвакасовқа осы карантин іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы М. Ішкібаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      4. Бақты ауылдық округінің әкімі Б. Сламбаевқа шектеу белгіленген аймақтан немесе аймаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерін сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Байсабыровқа жүктелсін.
      6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Үржар ауданының әкімі                      Б. Жанақов

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      агроөнеркәсіп кешеніндегі
      мемлекеттік инспекция Комитетінің
      Үржар аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     С. Садвакасов

      29 желтоқсан 2011 ж.

      Үржар ауданының ішкі
      істер бөлімінің бастығы                    М. Ішкібаев

      29 желтоқсан 2011 ж.