Об установлении квоты рабочих мест в Астраханском районе

Постановление акимата Астраханского района Акмолинской области от 14 июня 2012 года № 212. Зарегистрировано Управлением юстиции Астраханского района Акмолинской области 3 июля 2012 года № 1-6-175. Утратило силу постановлением акимата Астраханского района Акмолинской области от 19 февраля 2016 года № 33

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Астраханского района Акмолинской области от 19.02.2016 года № 33 (вступает в силу со дня подписания).

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии со статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», в целях обеспечения мер по содействию занятости целевым группам населения акимат Астраханского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Астраханском районе в размере один процент от общей численности рабочих мест.
      2. Установить квоту рабочих мест для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Астраханском районе в размере один процент от общей численности рабочих мест.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата Астраханского района № 176 от 22 июня 2010 года «Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Астраханском районе» (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-6-130, опубликовано в районной газете «Маяк» 30 июля 2010 года № 33).
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Астраханского района Кожахмет М.К.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Астраханского района                  Т.Ерсеитов

      СОГЛАСОВАНО

      Исполняющий обязанности
      начальника отдела занятости
      и социальных программ
      Астраханского района                       Ж.Мухамеджанова

      Исполняющий обязанности
      начальника отдела уголовно-
      исполнительной инспекции
      Астраханского района
      старший лейтенант                          Д.Габдуллина

Астрахан ауданында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы № 212 қаулысы. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 3 шілдеде № 1-6-175 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 33 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 19.02.2016 № 33 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес халықтың, нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Астрахан ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      3. Астрахан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 176 «Астрахан ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-130 тіркелген, № 33 «Маяк» газетінде 2010 жылғы 30 шілдеде жарияланған»)қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі                   Т.Ерсейітов

      КЕЛІСІЛДІ

      Астрахан ауданы
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі бастығының міндетін
      атқарушы                                   Ж.Мұхамеджанова

      Астрахан аудандық
      қылмыстық-атқару
      инспекция бөлімі
      бастығының міндетін
      атқарушысы әділет
      аға лейтенанты                             Д.Ғабдуллина