Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по городу Талдыкорган

Постановление акимата города Талдыкорган Алматинской области от 06 февраля 2012 года N 3-85. Зарегистрировано Управлением юстиции города Талдыкорган Департамента юстиции Алматинской области 22 февраля 2012 года N 2-1-155. Утратило силу постановлением акимата города Талдыкорган Алматинской области от 27 июня 2016 года № 29-421

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Талдыкрган Алматинской области от 27.06.2016 № 29-421.
      Сноска. Заголовок в редакции постановления акимата города Талдыкорган Алматинской области от 05.12.2012 N 38-1215 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях социальной защиты лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, для обеспечении их занятости, акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере трех процентов от общей численности рабочих мест.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановлением акимата города Талдыкорган Алматинской области от 05.12.2012 N 38-1215 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Талдыкорган" (Мұхаметжан Шайзада Базарбайұлы) и государственному учреждению "Центр занятости города Талдыкорган" (Кусаинов Жамалдин Зикриевич) обеспечить направление лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций для трудоустройства на имеющиеся вакантные рабочие места в соответствии с установленной квотой.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Сарыбаева Галиаскара Толендиевича.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      Аким города Е. Алпысов

Талдықорған қаласы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы N 3-85 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 22 ақпанда N 2-1-155 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 29-421 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 27.06.2016 № 29-421 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012.12.13 N 38-1215 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш процент мөлшерінде жұмыс орындарынан квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012.12.13 N 38-1215 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Шайзада Базарбайұлы Мұхаметжан) және "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі (Жамалдин Зікірияұлы Құсайынов) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін белгіленген квота бойынша бос жұмыс орындарына жолдаманы қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е. Алпысов