Об утверждении категории граждан Актогайского района, имеющих право на социальные выплаты в 2012 году

Решение маслихата Актогайского района Павлодарской области от 24 февраля 2012 года N 11/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 16 марта 2012 года N 12-4-113. Утратило силу решением маслихата Актогайского района Павлодарской области от 30 мая 2012 года N 27/5

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Актогайского района Павлодарской области от 30.05.2012 N 27/5.

      В соответствии со статьей 56 "Бюджетного кодекса Республики Казахстан", с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 11 Закона Республики Казахстан "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", Закона Республики Казахстан "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", в целях определения категории граждан, имеющих право на социальные выплаты Актогайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить следующие категории граждан, имеющих право на социальные выплаты:
      1) лица, освободившиеся из мест лишения свободы;
      2) граждане, нуждающиеся в лечении онкологических заболеваний;
      3) граждане, доходы которых не превышают размер продовольственной корзины;
      4) получатели государственной адресной социальной помощи и детских пособий, пенсионеры, доход которых не превышает продовольственной корзины;
      5) участники ликвидации последствии аварии на Чернобыльской атомной электростанции и воины Афганской войны;
      6) дети-сироты;
      7) выпускники средних школ - из малообеспеченных семей, доходы которых не превышают прожиточного минимума и сироты обучающиеся в высших учебных заведениях по гранту акима области;
      8) выпускники высших медицинских учебных заведений, прибывшие на работу в район и трудоустроенные по специальности в текущем году;
      9) инвалиды и участники Великой Отечественной войны;
      10) приравненные к участникам Великой Отечественной войны:
      лица награжденные медалями и орденами бывшего СССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны;
      не вступившие в повторный брак вдовы воинов, погибших в Великой Отечественной войне;
      не вступившие в повторный брак вдовы ветеранов Великой Отечественной войны умерших в мирное время;
      узники концентрационных лагерей и гетто;
      11) больные туберкулезом, находящиеся на учете в государственном учреждении "Актогайская противотуберкулезная больница" и больные туберкулезом студенты высших учебных заведений и колледжей, выявленных по месту учебы и прописанных в Актогайском районе;
      12) семьи, имеющие детей-инвалидов - больных детским церебральным параличом;
      13) дети–инвалиды;
      14) инвалиды всех групп;
      15) одинокие матери, воспитывающие детей–инвалидов до 16 лет;
      16) семьи, следующих категорий граждан на погребение, независимо от дохода и состава семьи (кроме лиц получающих пенсии и государственные социальные пособия):
      безработных, состоящих на учете в отделе занятости;
      не работавших предпенсионного возраста: мужчин с 60 лет, женщин с 55 лет, независимо от регистрации в органах занятости;
      не работавших участников боевых действий в Афганистане, ликвидации последствий аварии на Чернобыльской атомной электростанции, независимо от возраста и регистрации в органах занятости;
      17) лица, оставшиеся без средств существования, вследствие чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера;
      18) пенсионеры, получающие минимальный размер пенсии, на возмещение коммунальных услуг;
      19) пенсионеры, не имеющие близких родственников;
      20) граждане, зарегистрированные в качестве безработного в государственном учреждении "Отдел занятости и социальных программ Актогайского района" и направленные на прохождение профессиональной подготовки и переподготовки;
      21) семьи, военнослужащих погибших в мирное время;
      22) беременные женщины, своевременно, до 12 недель, обратившиеся в лечебное учреждение для постановки на учет по беременности;
      23) граждане больные сахарным диабетом;
      24) семьи, имеющие детей грудного возраста до одного года, доходы которых не превышают размер продовольственной корзины;
      25) граждане Республики Казахстан достигшие пенсионного возраста установленного Законом Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Актогайского районного маслихата по вопросам социальной сферы и законности.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении 10 календарных дней после первого дня его официального опубликования.

      Председатель сессии,
      секретарь маслихата                        Т. Муканов

Ақтоғай ауданының 2012 жылы әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар санаттарын бекіту туралы

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы N 11/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 наурызда N 12-4-113 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 мамырдағы N 27/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012.05.30 N 27/5 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес, әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар санаттарын анықтау мақсатында Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДI:
      1. Әлеуметтiк төлем алуға құқылы келесі азаматтар санаттары бекітілсін:
      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      2) онкология ауруынан емделуді қажет ететін азаматтар;
      3) табыстары азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын азаматтар;
      4) табыстары азық-түлік себетінен аспайтын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алушылар, зейнеткерлер;
      5) Чернобыль атом электростанциясы апатының зардабын жоюға қатысушылар және Ауған соғысының жауынгерлері;
      6) жетім балалар;
      7) орта мектептердің түлектері - облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарында оқитын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, жетімдер;
      8) ағымдағы жылы ауданға жұмысқа орналасуға келген жоғары медициналық оқу орындарының түлектері;
      9) Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектерi;
      10) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестiрiлгендер:
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда  мінсіз жауынгерлік қызмет және жанкешті еңбегі үшін бұрынғы КСРО орденімен және медалімен марапатталған тұлғалар;
      қайтадан неке құрмаған Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері;
      бейбіт өмірде қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайтадан неке құрмаған жесірлері;
      гетто және шоғырландыру лагерлердің тұтқындары;
      11) Ақтоғай ауданында тіркелген "Ақтоғай ауданының туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде тіркеуде тұрған туберкулезбен ауыратындар және оқу орындарында анықталған туберкулезбен ауыратын жоғары оқу орындарынының және колледж студенттері;
      12) балалық сал ауруымен ауыратын мүгедек-балалары бар отбасылары;
      13) мүгедек балалар;
      14) барлық топтағы мүгедектер;
      15) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеуші, жалғызбасты аналар;
      16) жерлеу үшін табысына және отбасы құрамына тәуелсіз келесі санаттағы азаматтардың (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы тұлғалардан басқа) отбасылары:
      жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыздар;
      жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғанына қарамастан зейнетақылық жасқа дейінгі жұмыс істемегендер: ер азаматтар - 60 жастан, әйел адамдар 55 жастан;
      жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғанына және жасына қарамастан жұмыс істемеген Ауған соғысының іс-әрекетіне қатысушылар, Чернобыль атом электростанциясының апатын жоюға қатысушылар;
      17) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қаражатсыз қалған тұлғалар;
      18) коммуналдық қызметті өтеу үшін аз мөлшерде зейнетақы алушы зейнеткерлер;
      19) жақын туыстары жоқ зейнеткерлер;
      20) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген және кәсіби дайындау және қайта дайындауға жіберілген азаматтар;
      21) бейбіт өмірде қайтыс болған әскери қызметкерлерінің отбасылары;
      22) уақытында, 12 аптаға дейін емдеу мекемесіне жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;
      23) қант диабетімен ауыратын азаматтар;
      24) табыстары азық-түлік себетінен аспайтын 1 жасқа дейін кеуде сүтiмен емiзу жасындағы балалары бар отбасылары;
      25) Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      мәслихат хатшысы                           Т. Мұқанов