О внесении изменений в постановление районного акимата от 25 мая 2011 года № 158 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций Махамбетского района"

Постановление Махамбетского районного акимата Атырауской области № 465 от 7 декабря 2012 года. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 13 декабря 2012 года № 2657. Утратило силу постановлением Махамбетского районного акимата Атырауской области от 20 апреля 2016 года № 128

      Сноска. Утратило силу постановлением Махамбетского районного акимата Атырауской области от 20.04.2016 № 128 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление районного акимата от 25 мая 2011 года № 158 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций Махамбетского района" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4-3-158, опубликованное в районной газете "Жайык Шугыласы" от 23 июня 2011 года № 26 (5975)) следующие изменения: заголовок изложить в следующей редакции: "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов, лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций района"; пункт 2 изложить в следующей редакции:
      "2. Для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций установить квоту в размере одного процента от общей численности рабочих мест."
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Арыстана С.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Обеспечить опубликование настоящего постановления на интернет-ресурсе ГУ "Отдела занятости и социальных программ Махамбетского района".
      Аким района Е. Жанабаев

Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 158 "Махамбет ауданындағы мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 465 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 желтоқсанда № 2657 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № 128 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 158 "Махамбет ауданындағы мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-3-158 тіркелген, 2011 жылы 23 маусымда аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің № 26 (5975) жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: тақырып келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Ауданда мүгедектерді, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы";
      2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: "2. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арыстанға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ осы қаулының интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      Аудан әкімі Е. Жаңабаев