Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Ерейментауского района на 2014 год

Постановление акимата Ерейментауского района Акмолинской области от 20 декабря 2013 года № а-12/641. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 15 января 2014 года № 3961

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», акимат Ерейментауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц относящихся к целевым группам населения Ерейментауского района на 2014 год:
      1) лица, длительно не работающие (более года);
      2) молодежь в возрасте до двадцати девяти лет;
      3) туберкулезные, онкологические больные, лица, страдающие сердечно-сосудистыми заболеваниями, инфицированные вирусом иммунодефицита человека, синдромом приобретенного иммунодефицита;
      4) лица, у которых истек срок трудового договора в связи с завершением сезонных работ;
      5) лица ранее не работавшие (не имеющие стажа работы).
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Омурзакова Т.К.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      И.о. акима Ерейментауского района          Н.Мукатов

2014 жылға Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № а-12/641 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 қаңтарда № 3961 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 5 бабының 2 тармағына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға Ерейментау ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) туберкулездiк, онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының ауруларымен ауыратын, жұқтырылған иммун тапшылығының синдромымен, адамның иммун тапшылығы вирус инфекциясы жұқтырылған тұлғалар;
      4) маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар;
      5) бұрында жұмыс істемеген тұлғалар (жұмыс өтілі жоқ).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Қ.Омурзаковқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ерейментау аудан әкімінің м.а.             Н.Мұқатов