Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 13 марта 2013 года N 111. Зарегистрировано Департаментом юситиции Северо-Казахстанской области 18 апреля 2013 года N 2243. Утратило силу постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 28 января 2015 года N 35

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 28.01.2015 N 35 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с подпунктами 14), 14-3) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат Тайыншинского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест работодателям Тайыншинского района Северо-Казахстанской области для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций по Тайыншинскому району Северо-Казахстанской области в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Тайыншинского района Северо-Казахстанской области" обеспечить направление на работу обратившихся лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области "Об установлении квоты рабочих мест для отдельных категорий граждан" от 29 апреля 2011 года № 164 (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13-11-210 от 10 мая 2011 года, опубликовано в газетах от 13 мая 2011 года "Тайынша таңы" № 21, от 13 мая 2011 года "Тайыншинские вести" № 20).
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Тайыншинского района Северо-Казахстанской области Жарова Е.К.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Тайыншинского района
Северо-Казахстанской области
И.Турков

Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 13 наурыздағы N 111 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 сәуірде N 2243 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы N 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 28.01.2015 N 35 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыс берушілеріне Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілерін жұмысқа жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. "Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 164 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 13-11-210 тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 13 мамырдағы "Тайынша таңы" № 21, 2011 жылғы 13 мамырдағы "Тайыншинские вести" № 20 газеттерінде жарияланған).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі
И. Турков