О внесении изменений и дополнений в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 16 июля 2009 года № 151 "Об утверждении Правил определения целесообразности бюджетного кредитования"

Приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 14 февраля 2014 года № 48. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 марта 2014 года № 9209

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 187 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 16 июля 2009 года № 151 «Об утверждении Правил определения целесообразности бюджетного кредитования» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5727, опубликованный в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 8, 2009 года) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах определения целесообразности бюджетного кредитования, утвержденных указанным приказом:
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      «8. Бюджетные кредиты не предоставляются на цели участия в уставных капиталах юридических лиц, покрытие убытков хозяйственной деятельности заемщиков, оплату услуг поверенным (агентам).
      Под убытками хозяйственной деятельности понимаются потери, выраженные в денежной форме, превышение расходов юридического лица над доходами, влекущее уменьшение материальных и денежных ресурсов, возникшее в результате хозяйственной деятельности.»;
      дополнить пунктами 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6 и 10-7 следующего содержания:
      «10-1. Определение центральным уполномоченным органом по государственному планированию целесообразности бюджетного кредитования бюджетных инвестиционных проектов, требующих разработки технико-экономического обоснования, и реализации государственной инвестиционной политики финансовыми агентствами за счет средств республиканского бюджета осуществляется на основании заключения экономической экспертизы юридического лица, определяемого Правительством Республики Казахстан.
      Определение местными уполномоченными органами по государственному планированию целесообразности бюджетного кредитования бюджетных инвестиционных проектов, требующих разработки технико-экономического обоснования, и реализации государственной инвестиционной политики финансовыми агентствами за счет средств местного бюджета осуществляется с учетом заключения экономической экспертизы юридических лиц, определяемыми местными исполнительными органами.
      10-2. После предоставления документации администратором бюджетной программы в соответствии с пунктом 15 настоящих Правил центральный или местный уполномоченный орган по государственному планированию организует проведение экономической экспертизы инвестиционного проекта и готовит экономическое заключение по ним.
      10-3. В течение 5 (пяти) рабочих дней с даты поступления пакет документов от администратора бюджетной программы направляется на экономическую экспертизу:
      центральным уполномоченным органом по государственному планированию юридическому лицу, определенному Правительством Республики Казахстан;
      местными уполномоченными органами по государственному планированию юридическим лицам, определяемым местными исполнительными органами.
      10-4. Экономическая экспертиза проводится в течение тридцати рабочих дней после представления пакета документов.
      10-5. Заключение экономической экспертизы технико-экономического обоснования направляется соответствующими юридическими лицами, определенными на осуществление экономической экспертизы технико-экономического обоснования, в центральный или местный уполномоченный орган по государственному планированию.
      10-6. Результатами экономической экспертизы технико-экономического обоснования являются положительное заключение или отрицательное заключение.
      Заключение утверждается руководителем организации, подготовившей заключение, или лицом им на то уполномоченным, подписывается исполнителями организации, подготовившей заключение, и заверяется печатью.
      10-7. Центральный или местный уполномоченный орган по государственному планированию рассматривает пакет документов, представленный в соответствии с пунктом 15 настоящих Правил, с учетом экономической экспертизы и направляет экономическое заключение по ним администратору бюджетной программы.
      Экономическое заключение готовится в течение 10 рабочих дней со дня получения заключения экономической экспертизы.»;
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      «11. Бюджетная комиссия вырабатывает предложения по включению бюджетной программы, направленной на предоставление бюджетных кредитов, в проект соответствующего бюджета.».
      2. Департаменту инвестиционной политики (Тумабаеву К.М.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, его официальное опубликование на интернет-ресурсе государственного органа, в информационно-правовой системе «Әділет» и в официальных средствах массовой информации.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан и подлежит официальному опубликованию.

      Министр                                    Е. Досаев

"Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 наурызда № 9209 тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 187-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттік кредит берудің орындылығын айқындау тәртібі туралы ережелерді бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 16 шілдедегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5727 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылғы № 8 актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Бюджеттік кредиттер заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу, қарыз алушылардың шаруашылық қызметі шығындарының орнын толтыру, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің) қызметтеріне ақы төлеу мақсаттарына берілмейді.
      Заңды тұлғаның шаруашылық қызметінің нәтижесінде пайда болған ақша нысанында көрсетілген ысырап, материалдық және ақша ресурстарын азайтуға әкеп соқтыратын шығыстардың кірістерден асып кетуі шаруашылық қызметінің шығындары деп түсініледі.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3, 10-4, 10-5, 10-6 және 10-7 тармақтармен толықтырылсын:
      «10-1. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды және қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттiк кредиттеудiң орындылығын айқындауы жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      10-2. Осы Қағиданың 15-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі құжаттарды ұсынғаннан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және олар бойынша экономикалық қорытынды әзірлейді.
      10-3. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсінен келiп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде құжаттар топтамасын:
      мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған заңды тұлғаға;
      мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға экономикалық сараптамаға жібереді.
      10-4. Экономикалық сараптама құжаттар топтамасы ұсынылғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде жүргізіледі.
      10-5. Техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының қорытындысын техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға айқындалған тиісті заңды тұлғалар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жібереді.
      10-6. Техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелері оң қорытынды немесе теріс қорытынды болып табылады.
      Қорытынды оны дайындаған ұйымның басшысымен немесе оған уәкiлеттi тұлғамен бекiтiледi, қорытындыны дайындаған ұйымның орындаушысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.
      10-7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган осы Қағиданың 15-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар топтамасын экономикалық сараптаманы ескере отырып қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне жібереді.
      Экономикалық қорытынды экономикалық сараптама қорытындысы алынған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде дайындалады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Бюджеттік комиссия бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаны тиісті бюджет жобасына енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді.»;
      2. Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                               Е. Досаев