Об утверждении Правил формирования ликвидационных фондов полигонов размещения отходов

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 125. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 декабря 2014 года № 10015. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 22 августа 2022 года № 579.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 22.08.2022 № 579 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 38-8) статьей 17 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования ликвидационных фондов полигонов размещения отходов.

      2. Департаменту управления отходами Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление на официальное опубликование настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан в средствах массовой информации и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

Министр

В. Школьник

"СОГЛАСОВАН"


Министр по инвестициям и


развитию Республики Казахстан


_______________ А. Исекешев


24 ноября 2014 года



  Утверждены
приказом Министра энергетики
Республики Казахстан
от 13 ноября 2014 года № 125

Правила
формирования ликвидационных фондов
полигонов размещения отходов

      1. Настоящие Правила формирования ликвидационных фондов полигонов размещения отходов (далее - Правила) разработаны соответствии с подпунктом 38-8) статьей 17 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок формирования ликвидационных фондов полигонов размещения отходов.

      2. Действие настоящих Правил не распространяется на полигоны бесхозяйных опасных отходов, поступивших по решению суда в республиканскую собственность.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) полигон размещения отходов - специально оборудованное сооружение для размещения отходов производства и потребления на период, установленный для каждого вида отходов в целях их последующей утилизации, переработки или окончательного захоронения;

      2) ликвидационный фонд полигона размещения отходов - фонд, формируемый в составе общих средств собственника полигона размещения отходов для рекультивации и мониторинга полигона после его закрытия;

      3) собственник - физическое и юридическое лицо, в чьей собственности находится полигон размещения отходов.

      4. Ликвидационный фонд полигона размещения отходов (далее - ликвидационный фонд) создается собственником полигона размещения отходов (далее - полигон) для проведения мероприятий по рекультивации земли территории полигона и ведения мониторинга воздействия на окружающую среду после закрытия полигона.

      5. Создание ликвидационного фонда должно быть предусмотрено проектом полигона размещения отходов.

      6. Для определения объема работ по ликвидации и необходимых для их выполнения средств собственник полигона разрабатывает проект по ликвидации полигона.

      7. Проект по ликвидации полигона должен предусматривать выполнение работ по рекультивации территории, проведению мониторинга выбросов свалочного газа и фильтрата в течение тридцати лет для полигонов 1 класса, двадцати лет для полигонов 2 класса. Средства на проведение рекультивации нарушенных земель и последующего мониторинга поступают из ликвидационного фонда полигона.

      8. Проект полигона размещения отходов, проект по ликвидации полигона подлежат государственной экологической экспертизе, осуществляемой в соответствии с экологическим законодательством Республики Казахстан.

      9. На основании проекта по ликвидации полигона собственник разрабатывает план работ по ликвидации и смету затрат на его реализацию. Общая сметная стоимость должна включать в себя все расходы, связанные с ликвидацией согласно проекту по ликвидации полигона в зависимости от площади и характеристики почв, нарушенных при эксплуатации полигона, от объемов, количества и класса размещаемых отходов, стоимости материалов и техники, используемой в процессе ликвидации полигона. Указанные затраты рассчитываются на предполагаемую дату начала работ по ликвидации с учетом индекса инфляции.

      10. Для проведения вышеуказанных мероприятий в ликвидационный фонд аккумулируются средства, регулярно отчисляемые собственником с начала эксплуатации полигона размещения отходов.

      11. Фонд создается за счет ежегодных отчислений, осуществляемых собственником с даты начала эксплуатации полигона. Размер ежегодных отчислений в ликвидационный фонд определяется прямо пропорционально общей сметной стоимости затрат на ликвидацию полигона в расчете на период (количество годов), по истечении которого полигон должен быть ликвидирован.

      12. Отчисления в ликвидационный фонд производятся собственником полигона на специальный депозитный счет в банках второго уровня на территории Республики Казахстан.

      13. Средства ликвидационного фонда используются собственником (владельцем) полигона исключительно на мероприятия по ликвидации полигона в соответствии с проектом по ликвидации полигона, получившим положительное заключение государственной экологической экспертизы.

      14. В случае необходимости осуществляется корректировка плана работ по ликвидации полигона, суммы затрат на его реализацию, а также размера отчислений. Порядок внесения указанных корректировок устанавливается в проекте по ликвидации полигона.

      15. Если фактические затраты на ликвидацию превысят размер средств, находящихся в ликвидационном фонде, то собственник осуществляет дополнительное пополнение депозитного счета.

      16. Если фактические затраты на ликвидацию окажутся меньше размера средств, находящихся в ликвидационном фонде, то излишки денежных средств остаются в распоряжении собственника полигона.

      17. Собственник полигона ежегодно в течение первого квартала года, следующего за отчетным, информирует уполномоченный орган в области охраны окружающей среды о производимых им отчислениях в ликвидационный фонд, наименовании банка второго уровня, в котором открывается специальный депозитный счет, состоянии счета.

Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10015 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 тамыздағы № 579 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 22.08.2022 № 579 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға бұқаралық ақпараттық құралдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

В. Школьник



"КЕЛІСІЛГЕН"


Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму министрi


Ә. Исекешев


2014 жылғы 24 қараша



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 125 бұйрығымен
бекітілген

Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын
қалыптастыру қағидалары

      1. Осы Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының

      38-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың әрекеті сот шешімі бойынша республикалық меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтар полигондарына қолданылмайды.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қалдықтарды орналастыру полигоны - өндіріс қалдықтарын орналастыру және оларды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрі үшін белгіленген кезеңге тұтыну үшін арнайы жабдықталған жабдықтар;

      2) қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қоры - полигон жабылғаннан кейін оны рекультивациялау және мониторингілеу үшін қалдықтарды орналастыру полигоны меншік иесінің жалпы қаражатының құрамында қалыптастырылатын қор;

      3) меншік иесі – қалдықтарды орналастыру полигонының меншік иесі болып табылатын жеке және заңды тұлға.

      4. Қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорын (бұдан әрі - жою қоры) полигон жабылғаннан кейін полигон аумағының жерін рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсерінің мониторингін жүргізу үшін қалдықтарды орналастыру полигонының (бұдан әрі - полигон) меншік иесі құрады.

      5. Жою қорын құру қалдықтарды орналастыру полигонының жобасымен көзделуі тиіс.

      6. Жою бойынша жұмыстар көлемін және оларды орындау үшін қажетті қаражаттың көлемін айқындау үшін полигон иесі полигонды жою жобасын әзірлейді.

      7. Полигонды жою бойынша жобада аумақты рекультивациялау,

      1-сыныптағы полигондар үшін отыз жыл ішінде, 2-сыныптағы полигондар үшін жиырма жыл ішінде қоқыс газдың және сүзінді судың шығарындыларына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстарды орындау қарастырылуы тиіс. Бүлінген жерлерге рекультивациялау және кейіннен мониторинг жүргізуге арналған қаражат полигонды жою қорынан түседі.

      8. Қалдықтарды орналастыру полигонының жобасы, полигонды жою бойынша жоба Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.

      9. Полигонды жою бойынша жобаның негізінде меншік иесі жою бойынша жұмыстардың жоспарын және оны іске асыруға шығындар сметасын әзірлейді. Жалпы сметалық құны полигонды пайдаланған кезде бұзылған топырақтың алаңы мен сипаттамаларына, орналастырылатын қалдықтардың көлемдеріне, санына және сыныбына, полигонды жою процесінде пайдаланылатын материалдар мен техниканың құнына қарай полигонды жою жобасына сәйкес жоюға байланысты барлық шығыстарды қамтуға тиіс. Көрсетілген шығындар инфляция индексін ескере отырып, жою бойынша жұмыстардың басталуы болжанатын күніне есептеледі.

      10. Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүргізу үшін жою қорына қалдықтарды орналастыру полигонын пайдаланудың басынан бері меншік иесі тұрақты аударатын қаражат шоғырланады.

      11. Қор полигонды пайдалану басталған күнінен бастап меншік иесі жүзеге асыратын жыл сайынғы аударымдар есебінен құрылады. Жою қорына жыл сайынғы аударымдар мөлшері полигон жойылуы тиіс уақыт кезеңіндегі (жылдар саны) есеп айырысудағы полигонды жоюға арналған шығынның түзу бара-бар жалпы сметалық құнымен анықталады.

      12. Жою қорына түсетін аударымдарды полигонның меншік иесі Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкте арнайы депозиттік шотта жүргізеді.

      13. Жою қорының қаражатын полигон меншік иесі (иесі) тек қана мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынған полигонды жою жөніндегі жобаға сәйкес полигонды жою жөніндегі

      іс-шараларға қолданылады.

      14. Қажет болған жағдайда полигонды жою жөніндегі жұмыстардың жоспарына, оны іске асыруға арналған шығындардың сомасына, сондай-ақ аударымдар мөлшеріне түзетулерді жүзеге асырады. Көрсетілген түзетулерді енгізу тәртібі полигонды жою жобасында белгіленеді.

      15. Егер жоюға арналған нақты шығындар жою қорында болған қаражаттың мөлшерінен асып кетсе, онда меншік иесі депозиттік шотқа қосымша толықтыруды жүзеге асырады.

      16. Егер жоюға арналған нақты шығындар жою қорында болған қаражаттың мөлшерінен кем болса, онда ақшалай қаражаттың артығы полигон иесінің иелігінде қалады.

      17. Полигон иесі жою қорына жасаған аударымдар, арнайы депозиттік шот ашылатын екінші деңгейдегі банктің атауы, шоттың жай-күйі туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанының ішінде жыл сайын хабардар етеді.