О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 7 февраля 2013 года № 94-V "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Макатском районе"

Решение Макатского районного маслихата Атырауской области от 17 января 2014 года № 180-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 10 февраля 2014 года № 2852. Утратило силу решением Мақатского районного маслихата от 6 мая 2014 года № 230-V

      Сноска. Утратило силу решением Мақатского районного маслихата от 06.05.2014 № 230-V.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Қазахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", постановлением Правительства Республики Қазахстан от 3 декабря 2013 года № 1303 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и от 26 июня 2012 года № 856 "Об утверждении Правил постановки на учет граждан Республики Казахстан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение районного маслихата от 4 февраля 2013 года № 94-V "Об определении размера и правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Макатском районе" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2705 от 4 марта 2013 года, опубликованное от 14 марта в газете "Мақат тынысы" за № 11) следующие изменения и дополнения:
      1) в пункте 4:
      после слов "подпункт 4) пункта 2" дополнить словами "и подпункт 9) пункта 7";
      2) подпункт 3) пункта 7 правил
      в уполномоченный орган:
      изложить в следующей редакции:
      "3) копию книги регистрации граждан либо адресную справку, либо справку сельских и/или аульных акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя";
      3) на государственном языке содержание подпункта 3) пункта 9 правил не изменяется, содержание на русском языке изложить в новой редакции:
      "3) размер потребления природного газа для жителей устанавливается по оплаченному счету квитанции за природный газ".
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии районного маслихата по вопросам бюджетного планирования, хозяйственной деятельности, использования земли, охраны природы и обеспечение законности (Д. Алтаева).
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования за исключением подпункта 1) пункта 1 настоящего решения, который действует до 1 января 2014 года.

      Председатель внеочередной ХХ
      сессии районного маслихата                 Д. Алтаева

      Секретарь районного маслихата              Т. Жолмагамбетов

Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 ақпандағы № 94-V "Мақат ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 180-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 ақпанда № 2852 тіркелді. Күші жойылды - Мақат аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 230-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Мақат аудандық мәслихатының 06.05.2014 № 230-V шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 ақпандағы № 94-V "Мақат ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 4 наурызда № 2705 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінде 2013 жылғы 14 наурызда № 11 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 4 тармақта:
      "2 тармағының 4) тармақшасы" деген сөздерден кейін "және 7 тармағының 9) тармақшасы" сөздермен толықтырылсын;
      2) қағиданың 7 тармағының 3) тармақшасы:
      уәкілетті органға:
      мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекен-жай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы";
      3) қағиданың 9 тармағының 3) тармақшасы мемлекеттік тілде мәтіні өзгермейді, орысша тілінде жаңа мәтінде мазмұндалсын:
      "3) размер потребления природного газа для жителей устанавливается по оплаченному счету квитанции за природный газ".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д. Алтаева) жүктелсін.
      3. Осы шешімнің 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1 тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс ХХ сессиясының төрағасы                Д. Алтаева

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т. Жолмағамбетов