Об утверждении Правил передачи исламской страховой (перестраховочной) организацией денег в исламский страховой фонд

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 89. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 июля 2015 года № 11656.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила передачи исламской страховой (перестраховочной) организацией денег в исламский страховой фонд.

      2. Департаменту надзора за субъектами страхового рынка (Калиев А.Е.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Досмухамбетов Н.М.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Кожахметова К.Б.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

К. Келимбетов

  Утверждены
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 27 мая 2015 года № 89

Правила
передачи исламской страховой (перестраховочной) организацией
денег в исламский страховой фонд

      1. Настоящие Правила передачи исламской страховой (перестраховочной) организацией денег в исламский страховой фонд (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности" в целях определения порядка передачи исламской страховой (перестраховочной) организацией денег в исламский страховой фонд.

      2. В случае недостаточности средств исламского страхового фонда для исполнения обязательств по договорам исламского страхования исламская страховая (перестраховочная) организация в течение пяти рабочих дней передает в исламский страховой фонд деньги за счет собственных средств с условием их возврата в будущем за счет денежных поступлений в исламский страховой фонд.

      3. Объем денег, необходимый для исполнения обязательств по договорам исламского страхования (перестрахования) и передаваемый в исламский страховой фонд, определяется на основании заключения актуария.

      4. Возврат денег, перечисленных исламской страховой (перестраховочной) организацией исламскому страховому фонду, осуществляется при условии превышения суммы доходов исламского страхового фонда над расходами исламского страхового фонда, сложившихся по состоянию на отчетную дату.

      5. Сумма возврата денег из исламского страхового фонда не превышает сумму денег, перечисленных исламской страховой (перестраховочной) организацией в исламский страховой фонд в соответствии с пунктом 2 Правил.

Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 89 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 шілдеде № 11656 тіркелді.

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидалары бекітілсін.

      2. Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаменті (Қалиев Ә.Е.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк

Төрағасы

Қ. Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы № 89
қаулысымен бекітілді

Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру
қағидалары

      1. Осы Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының исламдық сақтандыру қорына ақшаны беру тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.

      2. Исламдық сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін исламдық сақтандыру қорының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорына ақша түсімдерінің есебінен болашақта қайтару талабымен бес жұмыс күні ішінде өз қаражатының есебінен исламдық сақтандыру қорына ақшаны береді.

      3. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті және исламдық сақтандыру қорына берілетін ақша көлемі актуарийдің қорытындысы негізінде айқындалады.

      4. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорына аударған ақшаны қайтару есепті күндегі жағдай бойынша қалыптасқан исламдық сақтандыру қорының кірістері сомасының исламдық сақтандыру қорының шығыстарынан асу талабымен жүзеге асырылады.

      5. Исламдық сақтандыру қорынан ақшаны қайтару сомасы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы исламдық сақтандыру қорына аударған ақша сомасынан аспайды.