Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования

Постановление акимата Карагандинской области от 1 июня 2015 года № 29/05. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 7 июля 2015 года № 3321

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Типовые правила внутреннего распорядка организации образования.
      2. Государственному учреждению "Управление образования Карагандинской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области Н. Абдибеков

  Утверждены
постановлением акимата
Карагандинской области
от 1 июня 2015 года
№ 29/05

Типовые правила
внутреннего распорядка организации образования

1. Общие положения

      1. Настоящие Типовые правила внутреннего распорядка организации образования (далее - Типовые правила) разработаны в соответствии с подпунктом 24-7) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и определяют порядок организации и осуществления внутреннего распорядка организации образования.
      2. Типовые правила разработаны в целях обеспечения единых подходов при разработке и утверждении правил внутреннего распорядка организации образования.
      3. Правила внутреннего распорядка организации образования разрабатываются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      4. В целях обеспечения внутреннего распорядка администрация организации образования обеспечивает соблюдение сотрудниками, а также обучающимися и воспитанниками организации образования, обязанностей, возложенных на них законодательством Республики Казахстан в области образования и Правилами внутреннего распорядка организации образования.

2. Внутренний распорядок организации образования

      5. В правилах внутреннего распорядка организации образования должны предусматриваться:
      взаимодействие администрации организации образования и педагогов с обучающимися и воспитанниками;
      поведение участников учебно-воспитательного процесса;
      условия для получения знаний и сохранения жизни и здоровья обучающихся и воспитанников, охраны прав детей;
      организация повышения профессиональной квалификации сотрудников организации;
      режим деятельности организации образования (круглосуточное пребывание обучающихся и воспитанников, пребывание их в течение определенного времени, сменности учебных занятий и других особенностей работы организации образования), режим рабочего времени и времени отдыха педагогических и других сотрудников;
      время начала и окончания работы организации образования, перерывы между занятиями;
      продолжительность учебных занятий обучающихся и воспитанников.
      6. Администрация организации образования обеспечивает доступность и ознакомление сотрудников, обучающихся и воспитанников, а также их родителей или других законных представителей с Правилами внутреннего распорядка организации образования.

Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 29/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 шілдеде № 3321 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
      2. "Қарағанды облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қолдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 01 маусымдағы
№ 29/05 қаулысымен
Бекітілген

Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының ішкі тәртібін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
      2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту барысында бірыңғай көзқарастарды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
      3. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әзірленеді.
      4. Ішкі тәртіптемені қамтамасыз ету мақсатында, білім беру ұйымының әкімшілігі, білім беру ұйымының қызметкерлері, сондай-ақ білім алушылары және тәрбиеленушілерінің білім саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен өздеріне жүктелген міндеттердің сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі

      5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларында:
      білім беру ұйымының әкімшілігі және педагогтарының білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;
      оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
      ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      білім беру ұйымының қызмет режимі (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәуліктік болуы, олардың белгілі уақыт ішінде болуы, оқу сабақтарының ауысымдығы мен білім беру ұйымының жұмысының өзге ерекшеліктері), жұмыс уақытының және педагогикалық және басқа қызметшілердің демалыс уақытының режимі;
      білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, сабақтардың арасындағы үзілістер;
      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.
      6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі қағидаларына қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.