О повышении ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения

Решение Ордабасинского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 24 ноября 2015 года № 47/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 4 декабря 2015 года № 3447. Утратило силу решением Ордабасинского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 20 января 2016 года № 51/4

      Сноска. Утратило силу решением Ордабасинского районного маслихата Южно-Казахстанской области от 20.01.2016 № 51/4.
      В соответствии с пунктом 1-1 статьи 387, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Ордабасинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Повысить ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения в десять раз в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
      районного маслихата Т.Жанысбаев
      Секретарь районного маслихата Б.Садвахасов

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 47/1 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 3447 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 51/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 20.01.2016 № 51/4 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Т.Жанысбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Садвахасов