О внесении дополнения в постановление акимата Бородулихинского района № 149 от 28 мая 2015 года "Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бородулихинского района"

Постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 25 августа 2015 года № 205. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 23 сентября 2015 года № 4150. Утратило силу - постановлением акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 23 сентября 2016 года № 172

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 23.09.2016 № 172.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", акимат Бородулихинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       1. Внести в постановление акимата Бородулихинского района Восточно– Казахстанской области от 28 мая 2015 года № 149 "Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Бородулихинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3999, опубликованное в районных газетах "Аудан тынысы" № 54 (563) от 30 июня 2015 года, "Пульс района" № 54 (6882) от 30 июня 2015 года) следующее дополнение:
       приложение 1 к указанному постановлению дополнить строкой, порядковый номер 23, следующего содержания:
       "Село Ивановка – село Сосновка – подхоз "Березовка" - площадка перед коммунальным государственным учреждением "Бородулихинская казахская общеобразовательная средняя школа" - 18 км", площадка перед коммунальным государственным учреждением "Бородулихинская казахская общеобразовательная средняя школа" - подхоз "Березовка" - село Сосновка – село Ивановка – 18 км".
       2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Атаеву Р.А.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Г. Акулов

"Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 149 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 205 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 4150 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 172 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 23.09.2016 № 172 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Бородулиха ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 149 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3999 тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 54 (563), "Пульс района" газетінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 54 (6882) жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
       аталған қаулының 1 қосымшасы келесі мазмұндағы реттік нөмірі 23 жолмен толықтырылсын:
       "Ивановка ауылы – Сосновка ауылы - "Березовка" подхозы - "Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алындағы алаң - 18 км", "Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаң – подхоз "Березовка" - Сосновка ауылы – Ивановка ауылы – 18 км".
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсін.
      3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Акулов