О переименовании некоторых улиц села Приуральное Приурального сельского округа Бурлинского района

Решение акима Приурального сельского округа Бурлинского района Западно-Казахстанской области от 21 сентября 2015 года № 21. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 2 октября 2015 года № 4069

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" от 8 декабря 1993 года, с учетом мнения населения села Приуральное и на основании заключения Западно-Казахстанской областной ономастической комиссии, аким Приурального сельского округа РЕШИЛ:
      1. Переименовать некоторые улицы села Приуральное Приурального сельского округа Бурлинского района:
      улица "Ленин" – улица "Достық";
      улица "Приуральская" – улица "Сарыбала";
      улица "Степная" – улица "Жетекші";
      улица "Набережная" – улица "Ақжайық".
      2. Главному специалисту аппарата акима Приурального сельского округа (Мухамбетова Ж. М.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.
      Аким округа Раимкулов Т.

Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округі Приурал ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 21 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қазанда № 4069 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Приурал ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Приурал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөрлі ауданы Приурал ауылдық округінің Приурал ауылындағы кейбір көше атаулары:
      "Ленин" көшесі – "Достық" көшесі;
      "Приуральская" көшесі – "Сарыбала" көшесі;
      "Степная" көшесі – "Жетекші" көшесі;
      "Набережная" көшесі – "Ақжайық" көшесі деп қайта аталсын.
      2. Приурал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж. М. Мухамбетова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамсыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Т. Раимкулов