О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 "Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 19 января 2016 года № 16. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 февраля 2016 года № 13327

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие настоящего приказа см. п.4.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11704, опубликованный 5 августа 2015 года в информационно-правовой системе «Әділет») следующие изменения:
      в Правилах применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении, утвержденных указанным приказом:
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      «7. Территориальные органы уполномоченного органа (далее – территориальные органы) ежегодно в срок до 10 августа через средства массовой информации и интернет-ресурсы информируют отечественных перевозчиков о начале приема годовых заявок на иностранные разрешения.
      Годовые заявки отечественными перевозчиками подаются через Государственную корпорацию «Правительство для граждан» (далее – Государственная корпорация) либо веб-портал «Е-лицензирование» www.elicense.kz (далее - портал).»;
      пункт 26 изложить в следующей редакции:
      «26. Заявление на получение иностранных разрешений и дополнительные заявки отечественными перевозчиками подаются через Государственную корпорацию либо портал.
      Рассмотрение заявлений и дополнительных заявок, а также расчет количества выдаваемых иностранных разрешений осуществляются с использованием системы автоматического распределения иностранных бланков разрешений.»;
      пункт 36 изложить в следующей редакции:
      «36. Отечественное разрешение действительно на одну поездку, в том числе в случаях попутной загрузки в обратном направлении с территории Республики Казахстан на территорию государства, из которого была осуществлена перевозка первого рейса.
      Отечественные разрешения вида «А» действительны от пункта отправления до пункта назначения, вида «В» и «С» действительны до приграничных терминалов, находящихся в пределах до 90 километров от государственных границ Республики Казахстан.»;
      пункт 41 изложить в следующей редакции:
      «41. Замена тягача или грузового автомобиля допускается на другой тягач или грузовой автомобиль, который зарегистрирован в государстве регистрации перевозчика.».
      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему «Әділет» в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение десяти календарных дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования, но не ранее 1 марта 2016 года.

      Министр
      по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       А. Исекешев

«СОГЛАСОВАН»
Министр финансов
Республики Казахстан
________________ Б. Султанов
27 января 2016 года

«СОГЛАСОВАН»
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
________________ Е. Досаев
29 января 2016 года

"Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13327 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз!

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Өкілетті органның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-ресурстар арқылы шетелдік рұқсаттамаларға жылдық өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы отандық тасымалдаушыларды хабарландырады.
      Жылдық өтінімдерді отандық тасымалдаушылар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы беріледі.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Отандық тасымалдаушылар шетелдік рұқсаттамаларды алу үшін өтінішті және қосымша өтінімдерді Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы береді.
      Өтініштер мен қосымша өтінімдерді қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттамалар санын есептеу шетелдік рұқсаттамалар бланкілерін таратудың автоматты үйлестіру жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. Отандық рұқсат, оның ішінде бірінші рейстің тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан кері бағытта жолшыбай жүк арту жағдайында бір жолсапар үшін жарамды болады.
      «А» түріндегі отандық рұқсат жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін жарамды, «В» мен «С» түріндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан 90 километрге дейін шегінде орналасқан шекара маңы терминалдарына дейін жарамды.»;
      41-тармақматың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ________________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 27 қаңтар

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев
      2016 жылғы 29 қаңтар