О внесении изменений в решение от 21 сентября 2009 года № 26 "Тамды селолық округіне қарасты Тамды ауылының көше атауларын қайта атау және елді мекендеріне көше атауларын беру туралы"

Решение акима Тамдинского сельского округа Алгинского района Актюбинской области от 9 февраля 2016 года № 7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 01 марта 2016 года № 4758

      В соответствии с Конституционным Законом Республики Казахстан от 3 июля 2013 года № 121-V "О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан и в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам исключения противоречий, пробелов, коллизий между нормами права различных законодательных актов и норм, способствующих совершению коррупционных правонарушений", статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", аким Тамдинского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Внести в решение на государственном языке акима Тамдинского сельского округа от 21 сентября 2009 года № 26 "Тамды селолық округіне қарасты Тамды ауылының көше атауларын қайта атау және елді мекендеріне көше атауларын беру туралы" (зарегистрированное в государственном реестре нормативных правовых актов № 3-3-88, опубликованное 20 октября 2009 года в районной газете "Жұлдыз-Звезда") следущие изменения:
      в реквизитах, заголовке и по всему тексту указанного решения на государственном языке слово "селолық" заменить словом "ауылдық";
      в преамбуле решения слова "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлдаған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне," исключить.
      2. Настоящее решения вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.
      Аким Тамдинского сельского округа А. Еспағамбет

"Тамды селолық округіне қарасты Тамды ауылының көше атауларын қайта атау және елді мекендеріне көше атауларын беру туралы" 2009 жылдың 21 қыркүйегіндегі № 26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 наурызда № 4758 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Тамды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тамды селолық округі әкімінің 2009 жылдың 21 қыркүйегіндегі № 26 "Тамды селолық округіне қарасты Тамды ауылының көше атауларын қайта атау және елді мекендеріне көше атауларын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-88 болып тіркелген, 2009 жылдың 20 қазанында аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысымен мақұлдаған "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3,2 бөлігіне," сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тамды ауылдық округінің әкімі А. Еспағамбет