О внесении изменений в решение от 1 апреля 2011 года № 23 "О наименовании улиц села Акши Иргизского сельского округа"

Решение акима Иргизского сельского округа Иргизского района Актюбинской области от 21 сентября 2016 года № 119. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 18 октября 2016 года № 5103

      В соответствии с Конституционным Законом Республики Казахстан от 3 июля 2013 года "О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан и в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам исключения противоречий, пробелов, коллизий между нормами права различных законодательных актов и норм, способствующих совершению коррупционных правонарушений", со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", аким Иргизского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Внести в решение акима Иргизского сельского округа от 1 апреля 2011 года № 23 "О наименовании улиц села Акши Иргизского сельского округа" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-5-130, опубликованное 17 мая 2011 года в районной газете "Ырғыз") следующие изменения:
      в реквизитах, заголовке и по всему тексту указанного решения на государственном языке слова "селолық", "селосы", "селосының" заменить словами "ауылдық", "ауылы", "ауылының".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Иргизского сельского округа А. САРИН

"Ырғыз селолық округі Ақши селосының көшелеріне атау беру туралы" 2011 жылдың 1 сәуірдегі № 23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 119 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қазанда № 5103 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ырғыз селолық округі әкімінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 23 "Ырғыз селолық округі Ақши селосының көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-130 тіркелген, 2011 жылғы 17 мамырда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтініндегі "селолық", "селосы", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ырғыз ауылдық округінің әкімі А. САРИН