О внесении изменений и дополнения в решение районного маслихата от 28 октября 2015 года № 33-2 "Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жылыойском районе"

Решение Жылыойского районного маслихата Атырауской области от 15 января 2016 года № 36-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 4 февраля 2016 года № 3456

      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в приложение, утвержденное решением районного маслихата от 28 октября 2015 года № 33-2 "Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Жылыойском районе" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3352, опубликовано 10 декабря 2015 года в газете "Кен Жылой") следующие изменения и дополнение:
      1) в пункте 3 в тексте на русском языке после слова "услуг" дополнить словами " и услуг связи";
      2) в пункте 5 текст на русском языке оставить без изменения, содержание на государственном языке изложить в новой редакции:
      "5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жылыой ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі".
      2. Контроль за исполнением решения возложить на постоянную комиссию (Султанов Б.) районного маслихата по вопросам бюджета,финансов, экономики и развития предпринимательства.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель ХХХVІ сессии
районного маслихата
Конарбай Б.
      Секретарь районного маслихата Кенганов М.

Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-2 "Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Атырау облысы Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 36-2 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 ақпанда 3456 болып тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 қазандағы № 33-2 "Жылыой ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3352 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 желтоқсанда "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешіммен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 3 тармағындағы орыс тіліндегі мәтінінде "услуг" сөзінен кейін "и услуг связи" сөздерімен толықтырылсын;
      2) 5 тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылып, мемлекеттік тілдегі мәтіні жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "5. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жылыой ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі".
      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Сұлтанов) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың ХХХVI
      сессиясының төрағасы                        Б. Қонарбай

      Аудандық мәслихат хатшысы                   М. Кенғанов