О внесении изменений и дополнения в решение Таскалинского районного маслихата от 14 ноября 2013 года № 16-2 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Таскалинском районе"

Решение Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 18 июля 2016 года № 4-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 8 августа 2016 года № 4504. Утратило силу решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 21 февраля 2020 года № 44-6

      Сноска. Утратило силу решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 21.02.2020 № 44-6 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В заголовок внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 04.10.2016 № 7-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Таскалинского районного маслихата от 14 ноября 2013 года № 16- 2 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Таскалинском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3364, опубликованное 20 декабря 2013 года в газете "Екпін") следующие изменения и дополнение:
      в Правилах определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Таскалинском районе, утвержденных указанным решением:
      пункт 1 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      "7) Отдел Таскалинского района Департамента "Центр обслуживания населения – филиала некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Западно-Казахстанской области (далее – Государственная корпорация).";
      подпункт 4) пункта 2 исключить;
      абзац первый пункта 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.";
      пункты 4, 5 изложить в следующей редакции:
      "4. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      5. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) представляет следующие документы в Государственную корпорацию:
      1) заявление по форме согласно приложению 1 к стандарту государственной услуги "Назначение жилищной помощи" утвержденному приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 мая 2015 года № 11015);
      2) документ, удостоверяющий личность заявителя (оригинал представляется для идентификации личности услугополучателя);
      3) документы, подтверждающие доходы семьи (за исключением сведений получаемых из соответствующих государственных информационных систем);
      4) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      5) счета на потребление коммунальных услуг;
      6) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      7) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом.".
      Сноска. В пункте 1 на государственном языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется в соответствии с решением Таскалинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 04.10.2016 № 7-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      2. Исполняющему обязанности руководителя аппарата Таскалинского районного маслихата (Бисалиев Б.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Сарсенбаев А.
      Секретарь районного маслихата Рахимов С.

Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы №16-2 "Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 шілдедегі № 4-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 тамызда № 4504 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 44-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 21.02.2020 № 44-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбқа жаңа редакцияда Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық мәслихатының 04.10.2016 № 7-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы №16-2 "Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3364 болып тіркелген, 2013 жылы 20 желтоқсанда "Екпін" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Тасқала аудандық бөлімі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);";
      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.";
      4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11015 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
      3) отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);
      4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      7) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық мәслихатының 04.10.2016 № 7-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Тасқала аудандық мәслихатының аппараты басшысының міндетін атқарушы (Б. Бисалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ә. Сарсенбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Рахимов