О внесении изменения в решение акима Жамбылского сельского округа от 25 июня 2008 года № 1 "Көшелер атауын өзгерту туралы"

Решение акима Жамбылского сельского округа Айтекебийского района Актюбинской области от 27 марта 2017 года № 4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 4 апреля 2017 года № 5388

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Закона Республики Казахстан от 9 февраля 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам местного государственного управления и самоуправления", аким Жамбылского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Внести в решение акима Жамбылского сельского округа на казахском языке от 25 июня 2008 года №1 "Көшелер атауын өзгерту туралы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-2-53, опубликованное 21 августа 2008 года в газете "Жаналык жаршысы") следующее изменение:
      в преамбуле решения на казахском языке слова "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"заменить словами "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким Жамбылского
      сельского округа К.Бигалиев

Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 25 маусымдағы № 1 "Көшелер атауын өзгерту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 4 сәуірде № 5388 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауылдық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2008 жылғы 25 маусымдағы № 1 "Көшелер атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-53 тіркелген, 2008 жылғы 21 тамыздағы аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл ауылдық
      округінің әкімі К.Бигалиев