О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 21 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров, работ, услуг государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров, работ, услуг"

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 октября 2018 года № 304. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 ноября 2018 года № 17695

      В соответствии с пунктом 2 статьи 70 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года и подпунктом 15-1) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года "О культуре", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 21 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров, работ, услуг государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров, работ, услуг" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10331, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 30 июля 2015 года) следующие изменения:

      в Правилах оказания платных видов деятельности по реализации товаров, работ, услуг государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров, работ, услуг, утвержденных указанным приказом:

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Налогообложения средств, поступающих от оказания платных услуг и представление льгот по налогам и сборам регулируется Кодексом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс).";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Бухгалтерский учет и финансовая отчетность государственных библиотек, государственных музеев и музеев-заповедников, осуществляются в соответствии с приказами Министра финансов Республики Казахстан от 3 августа 2010 года № 393 "Об утверждении Правил ведения бухгалтерского учета в государственных учреждениях" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6443) и от 1 августа 2017 года № 468 "Об утверждении форм и правил составления и представления финансовой отчетности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15594).".

      2. Департаменту экономики и финансов Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение двух рабочих дней после его официального опубликования размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан;

      4) в течение двух рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и спорта
Республики Казахстан
А. Мухамедиулы

"Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 304 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қарашада № 17695 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына және "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 15-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10331 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ақылы қызметтер көрсетуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексімен реттеледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік кітапханалардағы, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) және "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы