Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе

Решение Байганинского районного маслихата Актюбинской области от 6 июня 2018 года № 159. Зарегистрировано Управлением юстиции Байганинского района Департамента юстиции Актюбинской области 19 июня 2018 года № 3-4-175. Утратило силу решением Байганинского районного маслихата Актюбинской области от 24 декабря 2020 года № 399

      Сноска. Утратило силу решением Байганинского районного маслихата Актюбинской области от 24.12.2020 № 399 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Байганинский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными решением Байганинского районного маслихата Актюбинской области от 26.11.2018 № 181 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Байганинском районе согласно приложению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат Байганинского районного маслихата" в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Управлении юстиции Байганинского района;

      2) направление настоящего решения на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата Байганинского района.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
Байганинского районного маслихата
Н. Жанғалиев
      Секретарь Байганинского
районного маслихата
Б. Турлыбаев

  Приложение к решению Байганинского районного маслихата от 6 июня 2018 года № 159

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Байганинском районе

      Сноска. Приложение – в редакции решения Байганинского районного маслихата Актюбинской области от 25.08.2020 № 359 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      1) расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      3) расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 7 (семи) процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Байганинский районный отдел занятости и социальных программ" (далее - уполномоченный орган).

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      3-1. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация) или на веб–портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      3-2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации составляет восемь рабочих дней.

      4. Жилищная помощь назначается с начала месяца подачи заявления на текущий квартал.

      5. Выплата жилищной помощи осуществляется через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

      6. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      7. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством веб-портала "электронного правительства" либо Государственной корпорации.

      8. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

2. Размер оказания жилищной помощи

      9. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии нижеследующими нормами:

      1) норма площади жилья, обеспечиваемая компенсационными мерами, составляет восемнадцать квадратных метров полезной площади на человека. Для одиноко проживающих граждан, в размере не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      2) нормы потребления электроэнергии на 1 месяц:

      на 1 человека – 40 киловатт;

      на 2-х человек – 60 киловатт;

      на 3-х человек – 80 киловатт;

      на 4-х и более человек – 100 киловатт.

      3) на содержание жилья ежемесячно:

      на 1 человека – 18 квадратных метров полезной площади, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      4) на содержание общего имущества объекта кондоминиума:

      на 1 человека – 18 квадратных метров полезной площади, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      5) на теплоснабжение ежемесячно:

      на 1 человека – 18 квадратных метров полезной площади, для одиноко проживающих граждан не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии;

      6) вывоз бытовых отходов – ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      7) услуги канализации – ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      8) услуги водоснабжения – ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      9) норма потребления газа – ежемесячно на каждого человека по тарифу;

      Нормы платы потребления и тарифы коммунальных услуг предоставляют поставщики услуг.

      10) Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденный постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 19 маусымда № 3-4-175 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 24.12.2020 № 399 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 26.11.2018 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Н. Жанғалиев
      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Турлыбаев

  Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 шешіміне қосымша

Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 25.08.2020 № 359 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 7 (жеті) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      3-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб–порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

      5. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      7. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен қабылданады. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларға сәйкес жүргізіледі:

      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаңды құрайды. Жалғыз тұратын азаматтар үшін бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес мөлшерде;

      2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

      1 адамға – 40 киловатт;

      2 адамға – 60 киловатт;

      3 адамға – 80 киловатт;

      4 және одан да көп адамға – 100 киловатт;

      3) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:

      1 адамға – 18 шаршы метр пайдалы алаң, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме;

      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға:

      1 адамға – 18 шаршы метр пайдалы алаң, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме;

      5) жылумен жабдықтау ай сайын:

      1 адамға – 18 шаршы метр пайдалы алаң, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме;

      6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      7) кәріз қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      8) сумен жабдықтау қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      9) газ пайдалану нормалары - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

      Коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

      10) Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.