О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по Жанааркинскому району

Решение XXXII сессии Жанааркинского районного маслихата Карагандинской области от 23 августа 2018 года № 32/229. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 7 сентября 2018 года № 4927. Утратило силу решением Жанааркинского районного маслихата Карагандинской области от 30 марта 2022 года № 20/135

      Сноска. Утратило cилу решением Жанааркинского районного маслихата Карагандинской области от 30.03.2022 № 20/135 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      На основании Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" и Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить базовые ставки земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по Жанааркинскому району.

      2. Действовал до 01.01.2020 в соответствии с решением Жанааркинского районного маслихата Карагандинской области от 23.08.2018 № 32/229.

      3. Признать утратившим силу решение XLVII сессии Жанааркинского районного маслихата от 20 ноября 2014 года № 47/326 "О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения на территории Жанааркинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3559 опубликовано в информационно-правовой системе "Әділет" 31 декабря 2015 года, в газете "Жаңаарқа" от 26 декабря 2015 года № 62 (9712)).

      4. Пункт 2 настоящего решения действует до 1 января 2020 года.

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель ХХХІІ внеочередной
сессии районного маслихата
Ж. Рыспеков
      Секретарь районного маслихата К. Имантусупов

Жаңаарқа ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 тамыздағы XXXII сессиясының № 32/229 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 7 қыркүйекте № 4927 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 20/135 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 30.03.2022 № 20/135 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексі және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаарқа ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 23.08.2018 № 32/229 шешімімен.

      3. Жаңаарқа аудандық мәслихатының XLVII сессиясының 2015 жылғы 20 қарашадағы № 47/326 "Жаңаарқа ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3559 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда, 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 62 (9712) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс XX.ХІІ сессиясының төрағасы
Ж. Рыспеков
      Ауданд.ық мәслихат хатшысы К. Имантусупов