Об утверждении Критериев для организаций, осуществляющих подготовку и переподготовку владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июня 2019 года № 584. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 июня 2019 года № 18924.

      В соответствии с подпунктом 8-1) пункта 1 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 30 декабря 1998 года "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Критерии для организаций, осуществляющих подготовку и переподготовку владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия.

      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр Е. Тургумбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 27 июня 2019 года № 584

Критерии для организаций, осуществляющих подготовку и переподготовку владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия

Глава 1. Общие положения

      1. Подготовка и переподготовка владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия, а также лиц претендующих на получение разрешений на приобретение, хранение, хранение и ношение гражданского и служебного оружия проводится в Центрах специальной подготовки и переподготовки владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия, а также в Специализированных учебных центрах по подготовке и повышению квалификации работников, занимающих должность руководителя и охранника в частной охранной организации и спортивных организациях в составе аккредитованной Республиканской федерации по стрелковым видам спорта (пулевая, стендовая, практическая), в соответствии с выполняемыми уставными задачами в сфере физической культуры и спорта (далее – Центр).

Глава 2. Критерии для организаций, осуществляющих подготовку и переподготовку владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия

      2. Центры осуществляют подготовку и переподготовку владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия при соответствии следующим критериям:

      1) наличие стрелкового тира для проведения занятий по огневой подготовке, для юридических лиц на праве собственности либо аренды;

      2) наличие помещений на праве собственности либо аренды, для проведения занятий;

      3) наличие гражданского и служебного оружия и патронов к нему приобретенных в соответствии с нормами вооружения, установленными уполномоченным органом по контролю за оборотом гражданского и служебного оружия, для проведения практических занятий по огневой подготовке;

      4) наличие в собственности или аренды специально оборудованного помещения (оружейной комнаты) для хранения гражданского и служебного оружия и патронов к нему, с разрешением на хранение оружия полученного в территориальном органе полиции;

      5) к процессу обучения привлекаются преподаватели имеющие высшее образование, обладающие соответствующими теоретическими, практическими знаниями и навыками преподавания в области своей профессиональной компетенции и специалисты (инструкторы), имеющие опыт работы в сфере оборота гражданского и служебного оружия;

      6) наличие учебных программ и планов по подготовке и переподготовке владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия, утвержденных уполномоченным органом по контролю за оборотом гражданского и служебного оружия;

      7) наличие компьютерного оборудования с автоматизированной электронной базой данных лиц (претендентов, владельцев и пользователей) проходивших обучение с возможностью передачи данных в режиме "реального времени" в подразделения по контролю за оборотом гражданского и служебного оружия органов полиции.

      3. Лица не соответствующие требованиям статьи 19 Закона Республики Казахстан "О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия", имеющие медицинские противопоказания к владению оружием не допускаются к проведению занятий по огневой подготовке.

      4. В случаях не соответствии требованиям пунктов 2 и 3 настоящих критериев вопрос прекращения деятельности Центров осуществляется в соответствии со статьей 49 Гражданского кодекса Республики Казахстан.

Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 584 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 маусымда № 18924 болып тіркелді.

      "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 584 бұйрығымен
бекітілген

Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттар

1. Жалпы ережелер

      1. Азаматтық және қызметтiк қару иелері мен пайдаланушыларын, сондай-ақ азаматтық және қызметтiк қаруды сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат алуға үміткер адамдарды даярлау және қайта даярлау Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын арнайы даярлау және қайта даярлау орталықтарында, сондай-ақ Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарында, дене шынықтыру және спорт саласында орындалатын жарғылық міндеттерге сәйкес спорттың атыс түрлері бойынша (оқ ату, стендтік, практикалық) аккредиттелген Республикалық федерация құрамындағы спорттық ұйымдарда (бұдан әрі – Орталық) жүргізіледі.

2. Азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін өлшемшарттар

      2. Орталықтар азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлауды және қайта даярлауды мына өлшемшарттарға сәйкес келген кезде:

      1) атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған меншік не жалға алу құқығындағы атыс тирлері бар болған;

      2) сабақтар өткізу үшін меншік не жалға алу құқығындағы үй-жайлар бар болған;

      3) атыс даярлығы бойынша практикалық сабақтарды жүргізу үшін азаматтық және қызметтiк қару айналымына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қарулану нормасына сәйкес сатып алынған азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары бар болған;

      4) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау үшін аумақтық полиция органынан алынған қаруды сақтауға рұқсаты болған кезде меншік немесе жалға алынған арнайы жабдықталған үй-жай (қару-жарақ бөлмесі) бар болған кезде жүзеге асырады;

      5) оқыту процесіне жоғары білімі, тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіби құзыреті саласында оқыту дағдылары бар және азаматтық және қызметтік қару айналымы саласында жұмыс тәжірибесі бар мамандар (нұсқаушылар) тартылады;

      6) азаматтық және қызметтiк қару айналымына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен азаматтық және қызметтiк қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі оқу бағдарламалары мен жоспарлары бар болған;

      7) полиция органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөліністеріне "нақты уақыт" режимінде деректерді беру мүмкіндігімен, оқудан өткен адамдардың (үміткерлердің, қару иелері мен пайдаланушыларының) автоматтандырылған электрондық деректер базасымен компьютерлік құрал-жабдық бар болған кезде жүзеге асырады;

      3. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы талаптарына сәйкес келмеген, қару ұстауға медициналық қарсы көрсетілімдер болған адамдар атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге жол берілмейді.

      4. Осы өлшемшарттардың 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Орталықтың қызметін тоқтату мәселесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабына сәйкес жүзеге асырылады.