Об установлении льготы по оплате проезда отдельной категории граждан города Кокшетау на общественном транспорте (кроме такси) в городе Кокшетау

Постановление акимата города Кокшетау Акмолинской области от 28 августа 2019 года № А-8/1531 и решение Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 28 августа 2019 года № С-36/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 3 сентября 2019 года № 7350.

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года "О транспорте в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Кокшетау ПОСТАНОВЛЯЕТ и Кокшетауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить льготу по оплате проезда следующим категориям граждан города Кокшетау на общественном транспорте (кроме такси) в городе Кокшетау:

      1) ветеранам Великой Отечественной войны - бесплатный проезд;

      2) супруге (супругу) умершего инвалида Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, которые не вступали в повторный брак – бесплатный проезд;

      3) лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны и лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – бесплатный проезд;

      4) гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда" – бесплатный проезд;

      5) несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны – бесплатный проезд;

      6) матерям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, многодетным матерям награждҰнным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", а также награждҰнным орденами "Материнская слава" I и II степени – бесплатный проезд;

      7) детям школьного возраста из многодетных малообеспеченных семей – бесплатный проезд;

      8) детям-инвалидам до 18 лет – бесплатный проезд;

      9) почетным гражданам города Кокшетау – бесплатный проезд;

      10) ветеранам боевых действий на территории других государств – бесплатный проезд;

      11) лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 – 1987 годах, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях – бесплатный проезд;

      12) жертвам политических репрессий, пострадавшим от политических репрессий, имеющим инвалидность или являющимся пенсионерами – бесплатный проезд;

      13) инвалидам по зрению I и II группы, а также лицам, признанным судом недееспособными и опекунам, назначенным в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан – бесплатный проезд;

      14) школьникам, проживающим в селе Кызыл Жулдыз на период учебного года - бесплатный проезд;

      15) Героям Социалистического Труда и лицам, удостоенных звания "Қазақстанның Еңбек Ері" - бесплатный проезд;

      16) инвалидам по слуху – бесплатный проезд.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата города Кокшетау Акмолинской области от 06.05.2021 № А-5/897 и решения Кокшетауского городского маслихата Акмолинской области от 06.05.2021 № С-6/9 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      2. Предоставить вышеуказанным категориям граждан города Кокшетау персонифицированные льготные карты.

      3. Государственному учреждению "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Кокшетау" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего совместного постановления акимата города Кокшетау и решения Кокшетауского городского маслихата в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      4. Определить источником финансирования городской бюджет.

      5. Настоящее совместное постановление акимата города Кокшетау и решение Кокшетауского городского маслихата вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким города
Кокшетау
А.Смаилов
      Председатель 36-ой
внеочередной сессии
Кокшетауского городского
маслихата шестого созыва
А.Шаримова
      Секретарь Кокшетауского
городского маслихата
шестого созыва
Ж.Абишев

Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санатының жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгілеу туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № A-8/1531 қаулысы және Ақмола облыстық Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № С-36/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте № 7350 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 13 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қаласында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Көкшетау қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына жол жүру төлеу бойынша жеңілдік белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - тегін жол жүру;

      2) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің жұбайына (зайыбына), сондай – ақ екiншi рет некеге тұрмаған Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының жұбайына (зайыбына) - тегін жол жүру;

      3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – тегін жол жүру;

      4) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – тегін жол жүру;

      5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – тегін жол жүру;

      6) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар аналарға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға – тегін жол жүру;

      7) көп балалы аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балаларға – тегін жол жүру;

      8) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – тегін жол жүру;

      9) Көкшетау қаласының құрметті азаматтарына – тегін жол жүру;

      10) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – тегін жол жүру;

      11) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – тегін жол жүру;

      12) мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге – тегін жол жүру;

      13) I және II топтағы көру бойынша мүгедектерге, сондай-ақ сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалған қамқоршыларға – тегін жол жүру;

      14) оқу жылы кезінде Қызыл Жұлдыз ауылында тұратын оқушыларға -тегін жол жүру;

      15) Социалистік Еңбек Ерлеріне және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға - тегін жол жүру.

      16) есту кемістігі бар мүгедектерге – тегін жол жүру.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 06.05.2021 № A-5/897 қаулысы және Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 06.05.2021 № С-6/9 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Көкшетау қаласы азаматтарының жоғарыда аталған санаттарына дербестендірілген жеңілдік карталары ұсынылсын.

      3. "Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысынан және Көкшетау қалалық мәслихатының шешімінен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Қаржыландыру көзі қалалық бюджет болып анықталсын.

      5. Осы бірлескен Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысы және Көкшетау қалалық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тiркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласының
әкімі
А.Смайылов
      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының 36-шы
кезектен тыс сессиясының
төрайымы
Ә.Шаримова
      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы
Ж.Абишев